newstaraz.kz

 
 

Жылдың ең үздік суреттері


pogudxv7a522i6pro.e8f00f2c
  23.02.2016 NewsTaraz.kz.

World Press Photo – әлемдегі фотожурналистер арасындағы шығармашылық байқау.

Жыл сайын БАҚ өкілдері мен кәсіби фотографтардан құралған тәуелсіз халықаралық жюри фотожурналистер, агенттіктер, газеттер мен журналдар ұсынған фотоларды тоғыз номинация бойынша бағалайды.

Азаттық жылдың ең үздік суреттерін назарларыңызға ұсынады.

1. «Адамдар» номинациясы бойынша 1-орын алған (Матиц Зорман/Matic Zorman) сурет. Босқындар лагерінде тіркеу кезегінде тұрған кішкентай қыз. 7 қазан 2015 жыл.

Жылдың ең үздік суреттері

2. World Press Photo байқауының «Жыл суреті» номинациясын алған австралиялық Уоррен Ричардсон (Warren Richardson) түсірген фотография. «Жаңа өмірге ұмтылу» аталатын бұл суретте босқын тікенек сым тартылған шекара бөгетінің арасынан баласын беріп жатыр. Сурет 2015 жылы тамыздың 28-і күні венгр-серб шекарасында түсірілген.

Жылдың ең үздік суреттері

3. «Жаңалықтар» категориясы бойынша 1-орын алған Сергей Пономаревтің суреті. The New York газетінде жарияланған фотографияда босқындар Загребке баратын пойызға отырып кетуге тырысып жатыр.

Жылдың ең үздік суреттері

4. «Табиғат» номинациясы бойынша 1-орын алған Рохан Келли (Rohan Kelly) түсірген фотография. Сидней маңындағы Бонди жағажайына дауыл таяп келеді. 6 қараша 2015 жыл.

Жылдың ең үздік суреттері

5. «Күнделікті өмір» номинациясы бойынша 1-орын алған Кевин Фрайер (Kevin Frayer) түсірген сурет. Мұндағы ер адамдар Шаньси (Қытай) электр станциясы маңында кетіп бара жатыр. 26 қараша 2015 жыл. Көмірді көп пайдаланатын Қытайдың үлесіне әлемдегі зиянды газдың үштен бірі тиесілі.

Жылдың ең үздік суреттері

6. «Спорт» категориясы бойынша Кристиан Уолграм (Christian Walgram) жеңімпаз атанды. Оның мына суретінде бұрылып үлгермеген чехиялық шаңғышы Ондржей Банк сырғанақ жолынан құлап барады. Бивэр Крик (АҚШ), 8 ақпан 2015 жыл.

Жылдың ең үздік суреттері

7. «Оқиғалар» категориясы бойынша 1-орынды Маурисио Лима (Mauricio Lima) алды. Оның бұл суретіне денесін күйік шалған «Ислам мемлекеті» (ИМ — Қазақстанда тыйым салынған террористік топ — ред.) ұйымының 16 жастағы содырын Сириядағы күрд ауруханасында емдеп жатқан дәрігер түсірілген.

Жылдың ең үздік суреттері

8. «Қазіргі заман проблемалары» номинациясын Чжан Лей (Zhang Lei) жеңіп алды. Ол солтүстік Қытайдағы Цянцзинь қаласындағы түтін басқан бір ауданды түсірген. 10 желтоқсан 2015 жыл.

Жылдың ең үздік суреттері

9. «Жаңалықтар» категориясы бойынша 3-орынды Чен Джи (Chen Jie) алды. Суретте: Қытайдың солтүстік-шығысындағы Тяньцзинь қаласындағы тез тұтанатын заттар қоймасында болған жарылыс орны.

 


 

(просмотры 2 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz