newstaraz.kz

 
 

Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн


pogudx1jvt5kp6ta6.1d4f725e
  10.03.2016 NewsTaraz.kz.

Қазақ әуелден-ақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халық еді.

Өкінішке қарай, бүгінгі деректер мұны жоққа шығарып тұр. Елімізде соңғы уақыттарда жетім балалар саны мен баласын тастап қашатын безбүйрек аналардың саны артуда.

Жыл басталысымен елді елең еткізген жаңалықтың көшін жаңа туған сәбилерін бірі — дәретханаға, енді бірі — жол бойына лақтырған аналардың іс әреткеттері бастады. Жаға ұстатарлық жайт эстафета секілді еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасын тауып, араға апта салып без бүйрек әйелдер ішінен шыққан шарананы қорапқа салып, далаға тастаса, енді бірі кәріз құбырына туып кетті.

Бұл тәртіп сақшылары мен елдің назарына іліккен оқиғалар легі ғана. Қылмысы ашылмаған, көз көріп, құлақ естімей қалып жатқан тастандылар қаншама? NUR.KZ тілшісі Алматыдағы Сәбилер үйінің біріне барып, тірідей тұл жетім атанған бүлдіршіндердің жағдайымен танысып қайтты.

Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн

Алматыдағы №2 балалар үйінің бас дәрігері Латифа Қожамқұлованың айтуынша, жыл сайын алып шаһарда 50-ден астам сәбиден шешелері туа сала бар тартады екен.

«Бауыр еті баласын үкіметке өткізген қыз-келіншектерге әр қалада ашылып жатқан аналар үйі де, білікті психологтың да көмегі аздық етуде. Себебі, ойнап жүріп от басқан  ойжеткендер үшін дүркіретіп той жасап тұрып, күйеуге тию өзі туған баласын тастаудан гөрі абыройлы да пайдалы іс деп санайды», — дейді Латифа Қожамқұлова.

Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн

№2 балалар үйіндегі ең кішкене сәби. Туылғанына небары 1 ай болған шақалақтың анасы жасы 18-ден енді асқан студент қыз. Алматыға оңтүстік өңірден оқуға келіп, баласын перзентханаға туып тастап кеткен.

«Ол бойжеткенмен 1 ай психолог, дәрігерлер жұмыс жасады. Ұлың сүйкімді, ана уызы балаға пайдалы деп қанша мәрте айтсақ та, сәбиін бір рет емізбеді. Айтатыны әке-шешем бұл ісімді білмейді. Білсе менен бас тартады. Маған оқу керек, өмірім әлі алда деп балаға қарамай қойды», — дейді бас дәрігер. Бірер аптадан соң Айқын мүлдем өзге отбасыға бала болады. Асырап алған жанұя — өз перзенттері жоқ дәрігерлер екен.

Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн

Баласынан бас тартатын қыздардың басым көпшілігі оңтүстік өңірден

Босана сала, баласынан бас тартатын қыздар кімдер және қай өңірден деген сауалымызға: «Көбінесе Жамбыл, Қызылорда және Шымкент өңірінен Алматыға оқуға келген жас қыздар балаларын тастайды. Тіпті, жақында жасы 17-дегі бойжеткен туған ұлын «алмаймын» деген соң ата-анасын шақырттық. Әлгі бойжеткен бір үйдің жалғыз қызы екен. Басқа балалары жоқ. Тым құрымаса атасы мен апасы бағып алса болады ғой. 1 апта бойы үгіттеп көндіре алмадық. Шешесі: «Қызымды дүркіретіп той жасап, ұзатамын. Құдалардың алдында абыройлы болуым керек. Ал мына бала осының бәріне кедергі» дейді. Бұл бір жағдай ғана емес, барлығы осылай», — деп жауап берді бас дәрігер.

Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн

Балалар үшін барлық адам «мама-папа»

Балалар үйіне түскен әрбір шақалақтың қайғылы өз тағдыры бар. Барлығының басындағы  жайт бәрібір ұқсас: өмірге келе сала, 9 ай құрсағында жүрген анасына керексіз болу. Содан болу керек мұндағы тілі шыққан сәбилер әйелдердің барлығын «мама», ал ер-азаматтарды тегістей «әке» деп атайды. «Оларға бөтенді «әке-шеше» деп атауға ешкім емес, өмір үйретеді»,- дейді күтушілер.

Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн

«Бізге баласыз ерлі-зайыптылар жиі келіп, бүлдіршіндерді тамақтандырып, ойнатып кетеді. Үлкендер кеткен соң балалар қайғыға салынып, арасында ауырып қалатындары да бар. Себебі ата-ананың махаббатына ештеңе жетпейді. Тілі шыққан балақайлар танымайтын адамдарды «менің мамам, маған келді» деп таласып, ренжісіп қалады. Кейде сол азаматтардың алдында отырып тамақты көп жейді. Сосын бізден сұрайды «неге тамақ бермейсіңдер?» деп. Негізі балалар аш емес, бірақ ата-ананың қолында отырып жеген қара нан оларға шексіз бақыт. Сол сезімге бөленіп олар тойса да, тамақтан бас тартпай, ата-ананың алдында ұзақ отырғысы келеді», — деп күрсінді бала күтуші Нұрсая.

Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн

Балалар үйінде қалталы азаматтар мен қайрымды жандардың көмегімен алынған сапалы бұйым да, киім де, тамақ та жетерлік. Тіпті, құны 500 доллар тұратын сирек ойыншықтар да бар. Алайда балалар үшін мұның бәрі 1-2 сағаттық ермек қана.

Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн

2,5 жасар Лейла тау боп үйілген ойыншықтарға назар аудармайды. Қолындағы ойыншық ұялы телефонынан түрлі нөмірді теріп, «мама қашан келесің, мен сені күтіп жүрмін. Алып кет» деумен жүреді.

Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн

4 жасар Айсұлу болса кішене қуыршағынан ажырамайды. Барлығына: «Бұл менің қызым, мен оны тастамаймын, ешкімге бермеймін» деп бірінші ойыншыққа тамақ беріп барып, содан кейін өзінің түскі асын ішеді екен.

Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн

Елімізде мемлекеттің қарауына өткен балалардың 90-95 пайызының ата-анасы бар.

«Жетім» сөзі әке-шешесі о дүниелік болған балаларға айтылады. Қазір бізде жетім бала жоқ. Барлығының ата-анасы бар. Алайда олар әлеуметтік жағдайдың төмендігі, ұрпаққа деген жауапкершіліктің жоқтығы мен маскүнемдігі үшін бүлдіршіндерін балалар үйіне өткізеді», -дейді Латифа Қожамқұлова.

Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн

Мәселен, Александра есімді бұл қыз баланы анасы қазір ата-ана құқығынан айрылған. Себебі кіндігі түспеген шақалағын үйінде 5 күн бойы аш-жалаңаш қамап, өзі аман-есен босанғанын атап өту үшін қыдырып, арақ ішіп кеткен.

Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн

Абырой болған да баланың шырылдаған даусын көршілері естіп, есікті бұзып ашып аман алып қалыпты. Баланың жағдайы алғашында өте ауыр болғанмен, қазір үздіксіз еммен күтімнің арқасында беті бері қараған. Содан бері 6 айдан астам уақыт өтсе де өмірге әкелген анасы әлі бір рет іздеп келмепті.

Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн

Әлішердің де анасы ащы суға салынып, баласын үйге жалғыз тастап кеткен. Тексеріс кезінде шақалақты полицейлер тауып алып, балалар үйіне өткізіпті. Содан бері 3 ай өтсе де, анасы арақтан бас алмай, баласын көруге мұршасы болмай жүрген көрінеді.

Егер аталған балалардың аналары алдағы уақытта да жаман әдеттерінен арылып, ұрпақ тәрбиесін қолға алмаса, шақалақтарынан мәңгіге айрылады. Жеткіншектердің құқын қорғау заңына орай оларды перзентке зәру отбасыға тәрбиелеуге береді.

Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн

Бала- біреуге мұң, біреуге — арман

Балалар үйінің жетекшісінің сөзінше, соңғы уақытта елімізде бала асырап алуға ниетті отбасылар көбейген. 2000-2002 жылдары бір мекемеден жылына 5-6 бала ғана асырап алу үшін жаңа отбасыға жіберілсе, қазір жүзден астам жанұя балаға мұқтаж болып, кезек күтуде.

«2015 жылы №2 балалар үйіне 52 тастанды бала келді. Соның 32 –сін перзенті жоқ ерлі-зайыптылар асырап алды. Биылдың өзінде 13 бүлдіршін әкелініп, 2 айдың ішінде 8-і жаңа отбасыға кетті. Қалған балалардың денсаулығы нашар. Яғни, іштен індетті болып туылған немесе созылмалы сырқатқа шалдыққандар. Біздің мекеме бала тәрбиесімен ғана емес, олардың емдеумен де айналысады. Соңғы 2 жылда «ауру» деп ата-анасы тастап кеткен 15 баланы сырқатынан құлан-таза етіп жазып шығардық. Шыны керек, науқас баланы ешкім баққысы келмейді. Туған ата-анасы үшін де, балаға зәру отбасыға да», — дейді №2 балалар үйінің басшысы

Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн
Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн
Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн
Жетімін жылатпаған қазақ: Сәбилер үйіндегі бір күн
Источник: Nur.kz

(просмотры 23 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz