newstaraz.kz

 
 

Жайлы тұрмыс іздегендер Қазақстаннан жаппай көшіп жатыр


pogudx6ej0b72tjji.2324b461
  30.05.2016 NewsTaraz.kz.
Ресей шекарасынан өтіп бара жатқан адамдар. Көрнекі сурет: Азаттық

Қазақстан ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитеті елден түпкілікті көшіп кеткен азаматтар саны жайлы деректер жариялады. Қазақстаннан біржолата көшіп кетіп жатқандар неге көбейіп барады?

Статистикалық дерекке сәйкес, өзге елдерге қоныс аударып жатқан азаматтар саны артып, ал Қазақстан төлқұжатын алғысы келетіндер азайғаны байқалады.

Статистика комитеті дерегінше, 2015 жылы Қазақстаннан кеткен мигранттар саны 3,9 пайызға артып, 30 мыңнан асқан, ал 2014 жылы 28 мың адам кеткен. Көшіп жатқандардың дені ТМД елдеріне қоныс аударған. Мигранттар ішінде Қазақстанға ТМД елдерінен келгендер 84,4 пайыз болса, сол елдерге кеткендер үлесі 89,8 пайыз болған.

Қазақстандық сарапшылардың айтуынша, елден кеткендердің көбі — жоғары білімді әрі білікті мамандар, ал біліктілігі жоқ кадрлар саны екі пайызға жетпейді.

Статистика ведомствосы дерегінше, бұрын қазақстандықтар қоныс аудару үшін Еуропаның Чехия, Болгария, Германия сияқты елдерін таңдайтын, қазір де көшіп барғысы келетін елдің территориясындағы тыныштыққа, соғыс қимылдарының бар-жоғына мән береді.

Қазақстандағы стратегиялық зерттеулер институтының халықаралық байланыстар жөніндегі сарапшысы Санат Көшкімбаевтың пікірінше, қоныс аударғысы келген адам ең әуелі жайлы орын іздейді. Мұнай бағасы қымбат болған жылдары да Қазақстан азаматтары өзге елдерге көшкен.

Қазақстан қоғамы өкілдері елден кетіп жатқан азаматтардың көбею себебін теңге девальвациясы мен елдің экономикалық және саяси өміріне қатысты жайсыз болжамдармен байланыстырады. Мысалы, тарихшы Наурызбай Байқадамов жұрт елде басталған дағдарыс кесірінен кетіп жатыр деп санайды. Оның пікірінше, орыс, неміс және өзге ұлт өкілдерінің тарихи отанына оралуына ұлтаралық қатынастардың еш қатысы жоқ. Экономист Бейсембек Зиябеков мигранттардың көбеюінің басты себебі Қазақстан экономикасындағы жағдайдың нашарлауында деп санайды.

«Мен «жұрт соғыс жоқ, тыныш Қазақстаннан кетіп, қандай жайлы жер табады екен?» деп үнемі ойлаймын. Әрине, елдің экономикалық ахуалы нашарлап кетті. Бұрын қазақстандықтар жақсы өмір сүрген еді, енді дағдарыстың зардабын сезініп жатыр. Мұндай елге кім көшіп келеді?,  – Бейсембек Зиябеков Азаттыққа.

BBS-тің Қазақстандағы өкілі Бахадора Тәжібаева «Болашаққа сенімсіздік, экономикалық дағдарыс, теңгенің құнсыздануы — жұрттың елден кетуінің басты үш себебі осылар. Қазақстанға да дәл осы – экономикалық және саяси себептермен келмейді» дейді.

Азаттық тілшісіне Алматының көші-қон қызметімен хабарласудың сәті түспеді. Азаттыққа Алматы қаласы Бостандық ауданы ІІД-не қарасты көші-қон полициясы өкілі Сабыржан Тұяқбаев қана комментарий берді.

Оның айтуынша, биыл жыл басынан бері Бостандық ауданынан 181 ересек адам мен 53 кәмелетке толмаған бала кеткен. Жұрт көбінесе Ресей, АҚШ, Канадаға кетіп жатыр. Көші-қон полициясы өкілі «ауданға көшіп келген азаматтар реестерін жүргізбейміз» дейді.

Қазақстаннан өзге елдерге түпкілікті қоныс аудару процедурасы көші-қон полициясының территориялық органдары мен ішкі істер органдары рұқсатымен ресімделеді.

Бұрынғы қазақстандық Ольга Тен күйеуіне тиімді шарттар ұсынған соң Дубайға 2009 жылдың аяғында кеткен. Алматыда жаңа бастаған бизнесі қалғандықтан, алғашқы жылы ол екі қаланың ортасында жүріп, Дубайға көбінесе демалу үшін, турист ретінде келіп тұрған. Бір жылдан кейін отбасында егіз ұл бала дүниеге келіп, олардың бірінен неврологиялық диагноз анықталған. Ольганың Қазақстаннан түпкілікті кетуіне осы жайт түрткі болған. Ольга Тен «Өкінішке орай, туған елімде ерекше қажеттілігі бар балаларға қатысты әлеуметтік стереотиптер көп, сондықтан балаға жайлы, перспективасы бар ортаға кетуді ұйғардық» дейді.

«Дубайда тұрғанымызға бес жыл болды, оның төрт жылы бұрынғы күйеуімсіз, балаларыммен өтті. Алматыда отбасым мен дос-жараннан бөлек, бизнесім қалды, тіпті мамандығымды ауыстыруға тура келді. Ағылшын тілін жедел үйрендім. Қолымда бір жарым жасар балаларым болды да дереу жұмыс керек болды. Осылай туризм саласына ауысып кеттім, қазір қарапайым резерватордан бөлім бастығы дәрежесіне дейін жеттім», — дейді Ольга Тен Азаттыққа.

Ольга «алғашқы жылдары қиын болды, бірақ қаладан алған әсерім күш берді» дейді. Араб әмірліктерінде әлемнің жүздеген елінен келген адамдар жұмыс істейді. Қазір Ольга бала-шағасымен Ұлыбританияда тұрады.

Азаттық

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz