newstaraz.kz

 
 

Жамбыл облысының жүздеген гектар жері Қырғызстанға өтіп кетуі мүмкін


Жамбыл облысының жүздеген гектар жері Қырғызстанға өтіп кетуі мүмкін
  23.04.2016 NewsTaraz.kz.

Жамбылдықтар жер телімдерін бөліп беруге қарсы шықты.

Онсыз да біраз аумақтың Қырғызстанға өтіп кеткені аздай, енді тағы да билік шекарадағы ауылдың мал жайылымы мен шабындық алқаптарын көрші елге бәсірелеп бермекші екен.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Мұндай жайсыз хабарды естіген бұқарада қазір маза жоқ. Олар шекара жылжыту шешімін шығармауды талап етуде.

Қатар жатқан қос ауыл тұрғындарынан 10 күннен бері маза қашты. Аудандағы шенеуніктер мен шекарашылар жұртпен жиын өткізіп, шекара шебін 100 метрге бері жылжытуды ұйғарыпты. Алайда, бұқара бұл шешімге наразы. Айтуларынша, егер талап орындалса, мал өрісі мен егістік алқаптары кемі 250 гектарға қысқаруы мүмкін.

Бұған дейін екі мәрте шекара шебі өзгеріп, жалпы көлемі 700 гектарға жуық алқап айырқалпақты ағайындардың меншігіне өткен екен. Жердің тағы таласқа түсуі жұрттың ызасын тудырды. Ауылдықтар тайлы-тұяғымен жиылып, жер телімдерін жатқа беруге қарсы екендерін білдіруде.

«Ата бабамыздың жаулап алған жері, біздің ауылымыздың тұрғанына үш жүз жылдан аса уақыт болған. Осы халықтың өсіп өнуіне қазіргі кезде қысым көрсетумен бірдей. Өйткені қырғыз мемлекетінің азаматтары емес, біздің мемлекеттің шекарашыларының тікелей қызығушылығы бар», — дейді Жасөркен ауылының тұрғыны Халадин Бағысбаев.

Жұрттың дүрлігуіне негіз жоқ емес. Бұған дейінгі бөлісте екі шағын өзеннің тоспасы көрші елдің иелігінде қалыпты. Қазір сол су басында отырғандар «өзім білемдікке» салып елді тіршілік нәрінен қысып жатса керек. Ал, ендігі сорақылық тіпті шектен шыққандық дейді ашулы топ.

«Тағы да небір нысандар, сақ қорғанның алты-жетеуі кетейін деп тұр. Бұл мемлекет қорғауындағы нысандар», — дейді Жасөркен ауылының тұрғыны Бегалы Ысқақов.

Ал, атқарушы билік тұрғындарға даурығуға негіз жоқ дейді. Сөздеріне сенсек, қазақтың бір шаршы метрі де қысқармайды. Ал, даудың шығуына, шекара шебіне қатысты үкіметтік қаулыға өзгеріс енуі себеп екен. Яғни бұған дейін шекарадан кейінгі жолақ 30 метр болып келсе, енді ол кемі 100 метр болуы тиіс. Қос лагерь мен қорықтар да сол жолақтың үстінде қалып, тұрғындарға арнайы режиммен жүруге тура келеді екен.

«Қазір демаркациялық комиссияның қажетті материалдарын дайындап, парламентке енгізеді, ол ратификациядан өту керек. Сосын президент қол қояды. Содан кейін ғана ол заңды күшіне кіреді. Заңды күшіне кіргенде ғана орындалуға жатады», — дейді Жамбыл облыстық Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлім басшысы Мейірбек Пірәлиев.

Алайда, жұрттың бұл уәжге иланғысы жоқ. Ашулы топ үкімет пен парламентке ашық хат жолдамақ. Ал, өздері талаптарын тыңдату үшін бел кеткенше беріспеуге бекінген.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz