newstaraz.kz

 
 

Жалғыз ұлы Сирияға кеткен ана баласына барғысы келеді (фото)


pogudx3tli64b38meg.8616d0d6
  17.03.2016 NewsTaraz.kz.

Ақтөбе облысының тұрғыны Сирияға кеткен ұлымен WhatsApp арқылы хабарласып отыр. Анасы баласын көру үшін Сирия шекарасындағы рұқсат етілген жерге дейін баруға дайын.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Мен балама «қасыңа барайыншы» деп сөйлескен сайын айтамын. Ол: «Келе алсаң кел, кездесіп, сөйлесеміз. Тек келетініңді бір ай  бұрын хабарлауың керек. Өйткені мен өте алыс жердемін. Шекараға дейін жету ұзақ уақыт алады» деді. Қай жерге баратынымды сұрағанымда: «Адамдар айтады, мама» дейді. Аздап ақша жинасам, қауіпсіздік комитетіне барып, балама жеткізулерін сұраймын», — деген Запура апа баласының картада жоқ жерде жүргенін айтады.

«Баламнан қайда жүргенін  сұрасам: «Мама, ол саған керек емес. Сіз оны білмейсіз, бұл картада жоқ жер. Мен өте алыста жүрмін, «қайдасың?», «қашан қайтасың» деп менен сұрай бермеңіз» деп ренжігеннен кейін мазасын алмаймын», — дейді Запура апа өзінің қандай жағдайда жүргенін түсіндірудің қиын екенін айтып.

Біреудің ауласын сыпырып жүрген ақжаулықты ана жол қаражатын жинаудың қиын болып отырғанын айтады. Қазір ол пәтер жағалап жүр. Баласы Сирияға кетер алдында үйін сатып, ақшасын сақалды бауырларына санап бергені осыған дейін NUR.KZ порталында жарияланған ананың хатында айтылған болатын.

Жалғыз ұлы Сирияға кеткен ана баласына барғысы келеді (фото)

«Қазір бір адамның үйінде 15 мың теңгеге бөлме жалдап тұрамын. «Болашақ» ауданында аула сыпырамын, басқа жұмыс жоқ. Осы жұмысым үшін күніге 500 теңге алатын едім, қазір 1000 теңге беріп жүр. Біздің үйіміз, оның ақшасы туралы баламнан сұрасам: «Мама, бұл туралы қозғамай-ақ қояйықшы» дейді. Кейде сөйлесіп отырған кезде үндемей қалады. Жылайтын сияқты», — дейді Запура апа.

Ол баласының әрбір қоңырауын асыға күтетінін, сөйлескен сайын жүрегінің езіліп кететінін айтады. Баласы хабарласқан нөмірін ешкімге бермеуді сұраған.

«Бір досы қызымнан нөмірін сұрап алып, телефонына шыққан екен. Балам қатты ренжіді. «Неге біреуге менің нөмірімді бересіңдер? Менде жеке телефон жоқ. Хабарласқан кезде біреудің телефоны арқылы шығамын. Ол WhatsApp арқылы ғана сөйлеседі, менде WhatsApp болмаған соң қызымның үйіне барамын. Баламның үйде ешқандай суреті қалмаған. Балабақшаға, мектепке барған суреттері бар еді, бәрі жоқ. Оны қай уақытта жоғалтып жібергені белгісіз. Жеке куәлігінің көшірмесін де кітаптардың арасына бөлек алып қойған едім. Олардың өзін жоқ қылып кеткен. Машина жүргізетін құжатына дейін үйде жоқ», — дейді баласының алыс сапарға алдын ала дайындалғанын енді білген анасы.

Елде қалған анасы баласының туған  күні қарсаңында оны көру үшін картада жоқ жерге баруға да дайын.

Жалғыз ұлы Сирияға кеткен ана баласына барғысы келеді (фото)

«Өткен жылы ораза айы басталуға үш күн қалғанда кетті. Маған «Қызылжарға жиырма шақты күнге барып қайтам» деді. Ол кез үйді сатып жіберген кезі, екеуміз пәтер жалдап жүрміз. Балам қазір 25 жаста, қыркүйекте 26-ға толады. Ол арабшаны да үйреніп алды. Бір жігіт мұғаліммін деп араб тілін үйретті. Балам араб тілінде жақсы сөйлеп жүрді. Әкесі 2009 жылы өмірден озды. Екі ұл, бір қызым бар еді. 2010 жылы үлкен ұлым жүректен кетті. Кіші балам намаз оқуды сол кезден бастады. Қызым тұрмыста, оның бес баласы бар. Мен қазір жалғыз тұрамын. Күзге қарай балама барғым келеді», — дейді Запура апа.

Қазір әйел мешітке барып, бас имамнан көмек сұрап жүр. «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы жалғызсыраған ананы құрметпен қарсы алып, наурызға аздаған сый жасап, бекем болуды сұрады.

«Өз қолыңды өзің кесе алмайсың» деген бар. Сіздің ғана емес, барша жұрттың қайғысы болып тұр. Бұл көпке сабақ болу керек. Балаңыз дін үшін деп жүр, оны жолынан қайтарасыз. Сізбен сөйлесіп, іздеуі балаңызда аналық мейірім бар деген сөз, сізге ондағы мейірімділікті ояту керек», — деді Ақтөбе облысының бас имамы.

«Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы баласын іздеген ананы қамқорлығына алатынын айтты.


(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz