newstaraz.kz

 
 

Өзбек әйелі бір жыл бойы ресейлік өнертапқышты қорлап келген (видео)


pogudx2cnvph9ti37.0304cca8
  01.06.2016 NewsTaraz.kz.

Ресейде Мәскеу облысының тергеу комитеті танымал өнертапқыштың күтушісі болған Насиба А. деген Өзбекстан азаматшасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол бір жыл бойында күтіміндегі өнертапқышты қорлап, жәбірлеп келген.

Бұл туралы centralasian.org жазады.

Соттың шешімімен Өзбекстан азаматшасы Насиба А. 30 мамырда қамауға алынды. Оған қатысты Ресейдің Қылмыстық кодексінің 2-тарау, 117-бабы («Азаптау») бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мәскеу облысы жөніндегі тергеу комитетінің өкілі Ольга Врадий «Зейнеткер-мүгедекке қарап, күтім жасауға тиіс әйел жүйелі түрде оны ұрып, жәбірлеп, қорқытып келген. Тергеу барысында әйел кінәсін жартылай мойындады. Тергеу ісі жүріп жатыр», – деп хабарлайды.

Насиба А. өткен жылы Альцгеймер және Паркинсон ауруымен ауыратын 76 жастағы танымал ресейлік инженер-өнертапқыш Владимир Бруверге күтуші ретінде жұмысқа алынған.

Өнертапқыштың қызы Инна Сладкова жаңа күтуші пайда болғаннан бері әкесінің жағдайы нашарлап кеткенін, оның денелерінде, әсіресе басында көгерген, қанталаған іздер байқаған. Оның үстіне Владимир Брувер 45 келіге жүдеп кеткен.

Егер сотта Насиба А.-ның қылмысы дәлелденетін болса, оны 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz