newstaraz.kz

 
 

Қытайлар СҚО-да жаңа зауыттың құрылысын бастады


pogudx30s6rldfcehg.2d06583a
  03.06.2016 NewsTaraz.kz.
Қытайлық «Айцзю» компаниясы басшысы Хэи Дзя (ортада) бірлескен зауыт құрылысын бастау салтанатында. Фото: Азаттық

Солтүстік Қазақстан облысында қытайлық «Айцзю» компаниясы майлы дақылдарды қайта өңдейтін бірлескен кәсіпорын зауытының құрылысын бастады деп хабарлайды Азаттық.

Зауыт Тайынша ауданына қарасты Ильичевка ауылында тұрғызылмақ. Бірлескен жобаға қытайлық инвесторлар қазірге дейін 30 миллион доллар қаражат құйған. Жобаға әлі 100 миллион доллар көлемінде инвистиция құю жоспарланып отыр. Зауыт Солтүстік Қазақстан облысынан жылына 300 мың тоннаға дейін майлы дақылдарды сатып алады және күніне бір тонна май шығарады деп жоспарланған.

«Айцзю» компаниясының президенті Хэи Дзяның сөзінше, Қазақстанда қайта өңдеу зауытын салудың мүмкіндігі зор.

«Біз Қазақстандық өнімді органикалық таза өнім деп білеміз. Сондықтан ол Қытай нарығында үлкен сұранысқа ие болады. Қытай жылына 17 миллион тонна май өнімдерін шеттен әкеледі. Қазақстанда қайта өңдеу зауытын салу үлкен мүмкіндіктер береді деп ойлаймыз және біз Қытайда экспортты бір жөнге келтіреміз», — деді Хэи Дзя.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов бұл жоба сәтті жүзеге асса компания басшылығы тағы жеті зауыт салуды жоспарлап отырғанын айтады.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz