newstaraz.kz

 
 

Қытайлар қазақ қызына неге үйленгісі келеді?


pogudx252flsacmkp.64cb0a60
  03.04.2016 NewsTaraz.kz.

Қазақстанда жылдан-жылға қытайлар қаптап барады.

Елімізде жүрген 300 мыңдай қытай қазақ қызына үйленгісі келетінін ашық айтып жүр деп жазады Қазақстан-ZAMAN басылымы.

«Біз қазір Қытайдың соғыссыз жаулау саясатын Қазақстанға емін-еркін қолданып жатқанына мән бермей жүрміз. Өйткені Қазақстандағы кәсіп, сауда, өндіріс салаларына қытайлар жылдан-жылға дендеп кіріп барады», — деп дабыл қақты мақала авторы Алпамыс Файзолла.

Оның ойынша, «айдаһар» көршімізге жұтылмау» халқымызға оңайға соқпайды.

«Империя дегеніміз — сауда» деген қағида бар. Империалистік пиғылдағы алпауыт мемлекеттер өзге елдерді соғыссыз жаулау үшін сауда-саттықты тиімді пайдалануды көздейді. Бірақ бұлай екен деп, нарықты жауып қоя да алмаймыз. Жауып қойсақ, экономика дамымайды. Қалай болғанда да, біздің халық рухани мықты болуы керек. Әйтпесе, «айдаһар» көршімізге жұтылмау оңай емес», — деп жалғастырды ол.

Автор қазақ қыздарының қытайға тұрмысқа шығатыны — ең жанға батарлық мәселе екенін сөз еткен.

«Ең жанға бататыны, Қытайда 14-15 мың тұрғыны бар қазақ ауылдарында орта есеппен 10 қазақ қызы қытайға тұрмысқа шығады екен. Ал Қазақстанда жүрген 300 мыңдай қытай қазақ қызына үйленгісі келетінін ашық айтып жүр. Бұл мәселенің шешімі, айналып келгенде, ұлттық тәрбиеге келіп тіреледі. Әр отбасы қыздарына шешен халқындай «өзге ұлттың жігітіне тұрмысқа шығу — ұлттық сатқындық» деп тәрбие беруі керек сияқты. Әйтпесе, өзге ұлттарға оңды-солды үлестіретіндей далада жатқан қыздарымыз жоқ. Қорыта айтқанда, дәстүрлі дініміз бен ұлттық идеямызға берік болмасақ, қазіргідей идеологиялық соғыс заманында есемізді жібермеуіміз мүмкін емес», — деп ескертті Файзолла.


(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz