newstaraz.kz

 
 

Қытайлар қазақтың домбырасын өздерінің ұлттық аспабы деп көрсетті (фото, видео)


pogudx6pmm64cs792.f8152f9e
  24.02.2016 NewsTaraz.kz.

Қытай тарихи телехикаясында қазақтың домбырасын өздерінің ұлттық аспабы ретінде көрсеткен. 

Қытайлар қазақтың домбырасын өздерінің ұлттық аспабы деп көрсетті (фото, видео)Фото: inform.kz

Жақында Қытайдың ұлттық телеарнасында көрсетіліп жатқан тарихи «Жие Юй ханшайым» телехикаясында көшпелілердің домбырасына қатысты дау шықты. Көп бөлімнен тұратын фильмде б.з.д 1 ғасыр дәуіріндегі Қытай Хан династиясымен қазақ тарихындағы Үйсін тайпасы арасындағы тарихи байланыс бейнеленген деп хабарлайды Қазақпарат.

Телехикаяның 21-бөлімінде бастапқы минуттарында Үйсін елінің патшасы яғни күнбиі Елжаудың алдында жаңа түскен қалыңдығы Хан династиясының ханшасы Жие Юй қытайдың ұлттық аспабымен ән айтады. Жақсылап қарасақ, қалыңдықтың қолындағы музыкалық аспап Қазақстанның Мемлекеттік туындағы күннің суреті әрі оюы салынған қазақтың кәдімгі домбырасы. Оны кейіпкер «қытайдың ұлттық аспабы «Пипа» деп таныстырады.

Бұл көрініс тез арада елдегі танымал Sina Weibo (Туитердің баламасы) және WeChat әлеуметтік желісінде кеңінен талқыланып, қытайдағы қандастарымыздың наразылығын тудырды. Наразылықтың өршуіне байланысты, тарихи киноны түсіруші топ Sina Weibo келтеблогының ресми парақшасында қазақ халқынан кешірім сұраған жазбасын орналастырды.

Қытайдың тарихи деректерінде «Пипа» көшпенді ұлттар арасында кең таралған музыкалық аспап ретінде жазылады. Қытайдың Тан династиясы дәуіріне дейін көшпенділердің шертпелі музыкалық аспаптың барлығын қытай халқы «Пип» деп атап келген.

Еске сала кетсек, 42 бөлімнен тұратын тарихи телехикая «Жие Юй ханышайым» Қытайдың ұлттық телеарнасы «Қытай орталық телеарнасында» (CCTV) көрсетілуде.

Қытайлар қазақтың домбырасын өздерінің ұлттық аспабы деп көрсетті (фото, видео)
Қытайлар қазақтың домбырасын өздерінің ұлттық аспабы деп көрсетті (фото, видео)

 


(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz