newstaraz.kz

 
 

Қытайдан келген қандасымыз әйелін перзентханадан шығару үшін 310 мың теңге төледі


Қытайдан келген қандасымыз әйелін перзентханадан шығару үшін 310 мың теңге төледі
  30.04.2016 NewsTaraz.kz.

Павлодарлық тұрғын Бақытбек Әліпбекұлы перзентханаға 310 мың теңгені ақыры төледі. Сөйтіп Қытайдан келген қандасымыз әйелі мен баласын емдеу мекемесінен шығарып алды.

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Қомақты қаражатты асарлатып жинағанын айтады. Перзентханада 10 күндей жатқан нәрестесі үшін — 120 мың, зайыбына — 190 мың теңге төлеген.  Бақытбек бұл үшін қорадағы 3 қойын сатыпты. Бірақ, тапқаны 40 мың теңгеден аспаған соң қарызға деп ақша жинаған.

«Елден, көршілерден, ағайын-туыстардан бір апта жүгіріп жүріп, осы ақшаны тауып, заң бойынша төлеу керек деген соң, төлеп болдым. Бұдан кейін ертең бола ма, бүрсүгіні бола ма, өз отбасымнан біреу ауырып-сырқаса, қандай халде боламын мен. Жұмыссыз отырған, баспанам жоқ, екі қолмен еңбек істеп, біреудің малын қайырып отырған адам осындай күйге түссе, не болады!», — дейді Бақытбек Әліпбекұлы.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Бақытбек Әліпбекұлы 2011 жылы Қытайдан Павлодарға көшіп келген. Содан бері азаматтық ала алмай жүр. Бұған көші-қон заңының бірнеше рет өзгергені себеп,-дейді.

Әуелде бір жылға берілген «оралман куәлігі» 2013 жылғы толықтыруға сәйкес 7 жылға ұзартылған. Ал азаматтық алу Қазақстанда 4 жыл тұрған соң ғана берілетіні жаңа Заңда көрсетілген.

Бірақ, өткен жылы құжат қайта өзгеріске ұшырап, оралман куәлігінің мерзімі 12-і айға қысқартылды. Салдарынан 2011-12 жылдары келген ағайын «оралман мәртебесінен» айырылып отыр.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz