newstaraz.kz

 
 

«Әйел бақытына» келген транссексуал елдегі ерлердің 90%-ы бисексуал деп айды аспанға бір-ақ шығарды


pogudx741
  27.09.2016 NewsTaraz.kz.
Транссексуал. «Қазақстан» арнасынан скриншот

«Қазақстан» ұлттық арнасында «Әйел бақыты» бағдарламасына ашық ойын айту үшін шыққан транссексуал жұртты есеңгіретті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бастапқыда бағдарламаға қонақ ретінде журналист Ұларбек Нұрғалым, психолог Балабек Сақтағанов пен уролог-андролог Мақсат Мамедияров шақырылған болатын.

«2009 жылдан бері елімізде жынысты ауыстыруға рұқсат берілген. Алматыда жасалады. 25 пациентке ота жасалды. Жігіттердің қыз болуға тапсырысы басым», — деп транссексуалдарға қатысты мәліметтер келтірді уролог-андролог Мақсат Мамедияров.

Осы тұрғыда психолог Балабек Сақтағанов та үнсіз қалмай, гейлер туа біткен психологиялық ауытқушылыққа шалдыққанын қоса кетті. Осылайша азаматтарымыз емін-еркін өз ойларын жеткізіп отырғанда, студияға кіріп келген транссексуал қонақ бәрін есеңгіретіп қойды.

Қостанай қаласынан өз ойын ашық айту үшін арнайы келген «қылықты жігіт» өзін Аруна деп таныстырды.

«Ер бала болып, Қостанайда 1995 жылы туылдым. Жалғыз бала болғандықтан, қиын болды… 13 жасымда өзгергім келетінін түсіне бастадым. 15 жасымда интернет бойынша өзім секілді адамдар барын білдім. 18 жасымда оқуға түстім. Астанадағы емханада өзіме кеуде жасаттым. Көбіне адамдар бізге жаман қарым-қатынас жасайды. Асты жағымды алдырмаймын, маған онымен ыңғайлы. Мен әйел секілді нәзік туылғанмын. Достарым көп, қолдайды. Олардың арасында гейлер мен транссексуалдар баршылық. Біздің Қазақстанда гейлер өте көп. 90-ы бисексуал, 10 пайызы ғана натурал», — деп өз сөзін Аруна бастағаны сол еді, студияда отырғандар бұл деректерді құптамайтынын айтып, дауласып кетті.

«Қойыңызшы, ондай мәліметті қайдан алдыңыз? Кім ол мәліметті берді?», — деген Ләйлә Сұлтанқызының сауалына Аруна тұщымды жауап бере алмады. Ал сахнада отырған қонақ ер азаматтар Арунаның сөзін жақтыра қоймағаны бірден сезілді.

«Анам, әкем дүниеден өткеніне үш жыл болды. Туысқандарым менен бас тартқан. Маған бәрібір, кім қолдайды, кім қолдамайды. Менің өмірім өз қолымда», — деген Арунаға дәрігер маман сырқат екенін айтып қалды. Аруна оны көңіліне алып, дауласа кетті.

«Мен ауру емеспін, тіліңізге ие болыңыз, түсініңдіңіз бе?», — деп күйінді ол.

Уролог Мамедияров. «Қазақстан» арнасынан кадр

Мамедияров болса, Денсаулық сақтау ұйымы әр ауруларға код бергенін, онда «трансвестит» деген диагноз барлығын алға тартты.

Ал студияда отырған журналист, тіпті Арунаның жүзіне қарауға ниеті жоқтығын айтып, оған ойын дұрыс жеткізе білуге кеңес берді.

«Біздің аталарымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен, иманды ісімен осы жерді қорғап, қазақ ұлты болып өмір сүреді дегені рас болса, мына жерде ауыздыға сөз бермей, аяқтыға жол бермей, тайраңдап отырмай, кез-келген адам дұрыстап айтады ғой ойын. Бірден беттен алып, төске шаппайды. Мен сізге қарап отырған жоқпын әлі, қарамаймын да», — деп пікір білдірді Ұларбек Нұрғалымұлы.

Ұларбек Нұрғалымұлы. «Қазақстан» арнасынан скриншот

Кейін журналист «көрген жайдан жағамды емес, кеңірдегімді ұстадым» деген пікірін желі парақшасында білдірген деп жазады dalanews.kz.

«Телеарнадан хабарласып, Ләйлә Сұлтанқызының «Әйел бақыты» бағдарламасына шақырды. «Тақырып қыз мінезді жігіттер» жайында деген соң, «жарайды», – дегем.

Өзімше, балабақшадан университетке дейін әйел адамдардың қолына тапсырып берген балаларымыз жайлы, бұрын ата-әжелеріміз ұлдарды ұлша, қыздарды қызша қалай тәрбиелегені туралы айтамын ғой деп жайбарақат барсам, алдымнан анау шықты ғой! Және қалай өршеленгенін көрген шығарсыздар. Қандай күй кешкенімді сұрамай-ақ қойыңыз…», — деп жазыпты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында журналист.

Бағдарлама аясында Аруна өзін «қызтеке» деп кемсітетіндерді ұнатпайтынын айтып, көзіне жас алды.

(просмотры 14 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz