newstaraz.kz

 
 

Туған қайын сіңлісінің күйеуін тартып алып, шаңырағын шайқалтқан әйел масқара болды


  12.05.2017 NewsTaraz.kz.

Көрнекі фото

Алматы тұрғыны қайын сіңлісінің күйеуін тартып алған туған әпкесі туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жәмила (келіншектің өтініші бойынша есімі өзгертілді): «Гүлбаршын менің үлкен әпкем. Қазір жағдайы өте керемет. Алматыдағы техника сататын Қазақстанға танымал компаниялардың бірінде атқарушы директор. Күйеуі де үлкен бастық. Жеке күзет, жүргізушілері бар», – деді.

Қалталы келіншектен әке-шешесі неге бас тартты?

Сіңлісінің айтуынша, әпкесі өте ауыр күнәға барған.

«Гүлбаршынның күнәсі өте ауыр. Себебі ол өзінің туған қайын сіңілісінің күйеуінің басын айналдырып алды. Оқиға бұдан бірнеше жыл бұрын болды. Әпкем өзінің группаласына тұрмысқа шығып, бір ұлды болған. Бәрі керемет еді, “бай жерге келін болып түсті” деп әке-шешемізбен мақтанып жүрдік. Алайда 2005 жылдың күзінде құдалар әй-шәй жоқ үйіне қонаққа шақырып, отбасымызбен түгел келуімізді сұрады. Бәріміз дастархан басына жиналып, ас ішеді екенбіз деп отырсақ, құдамыз әке-шешеме қарап «қыз емес, қара жылан тәрбиелепсіңдер» деді. Бұл сөзден әкеміздің жүрегі тоқтап қала жаздады. Гүлбаршын үнсіз. Барлығымыз не болды деп шулап жатырмыз.

Сөйтсек, Гүлбаршынның қайын сіңілісінің күйеуімен көңіл қосып жүргеніне екі жыл болған екен. Екеуінің жасырын пәтерде демалып жатқан жерінен енесі ұстап алыпты. Күйеуінің қолына түссе, мына жағдайдан соң әпкеміздің аман қалуы екіталай еді. Жиын кезінде әпкеміз ісіне ұялған да жоқ. Тіпті жылап, кешірім де сұраған жоқ.

«Мен оны сүйем деп» бет бақтырмады. Анам тұрып «кешіріңіз, бұл істен соң балалар отбасы бола алмайды. Ажырассын. Қызымды бүгін алып кетем» деді.

Алайда әпкеміз үйге де барған жоқ. Киімін жинап, кетіп қалды. Кейін білдік, ол қайын сіңілісін де ажырастырып, өзінен 5 жас кіші күйеуімен қосылыпты. Осы істен соң бүкіл ауыл, туыс-туған бізге бірі күле, бірі жани аши қарайтын болды. Ал әкем болса «қыз емес, қара жылан тәрбиеледің» деген сөз естірткен Гүлбаршыннан бас тартты.

Тіпті, «өлсем, басыма келіп жыламасын, мені қарабет қылды» деді. Содан бері 10 жылдан астам уақыт өтті. Ешбір туыс олармен араласпайды. Әкемізге, «жаман болса да бауырымыз, шақырайық, 10 жыл өтті ғой» деп едік, «Ол бақытты отбасы емес, 4 шаңырақты шайқалтқан қарғыс атқан жанұя», – деп рұқсат бермеді дейді кейіпкер.

Осылайша, ол бүтін бір отбасын жерге қаратқан әпкесінің ісі елге сабақ болады деп үміттенетінін жеткізді.

(Просмотры 2 , 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


 
Post ID 150911  

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

   

NewsTaraz