newstaraz.kz

 
 

Тоқал болғысы келетін бойжеткенге ата-анасы рұқсат бермей отыр


pogudx1lt5emorlnf8.69ff61fa
  20.05.2017 NewsTaraz.kz.

Көрнекі фото: Тоқал фильмі

Парламентте екінші әйел алуды заңдастыру мәселесі қозғалғалы бері, «тоқал» сөзі ел аузында жиі талқыланатын болды. Екінші әйел алуға заң жүзінде рұқсат берілмесе де, қазір ондай жағдайлар ара-тұра кездесіп жүр. NUR.KZ порталы осы тақырыпты жаңғыртып, алматылық жастардан тоқалдыққа деген көзқарасын сұрап көрді.

Алматылық қыз-жігіттердің бұл туралы пікірі бір-біріне ұқсамайтын болып шықты.

Қыздардың көпшілігі өздерін екінші әйел ретінде елестете алмайтынын жеткізді. Ал болашақ жары тоқал аламын деп қоймаса, ойланып көруге болатынын алға тартты. Сауалнамаға қатысқан қыздар екінші емес, бірінші әйел болудың артықшылығын бағалайды. Бірақ тоқалдыққа оң көзбен қарайтын қыздар да табылды. Тоқал болуға ата-ана, туған-туыстарының қарсылығы кедергі екен.

Мадина

Тоқалдыққа жақсы қараймын. Егер күйеуі екі жаққа да жақсы, теңдей қараса тиюге болады. Тоқал болам десем үйдегілер келіспейді. Бізде отбасымызда ешкім тоқал алмаған. Бірақ елдің айтуы бойынша, тоқалдыққа рұқсат беру дұрыс сияқты.

Арыстан

Тоқал алуды дұрыс деп ойлаймын. Өзім тоқал алатын едім. Ол бірақ екі жақтың шешімімен қабылданатын мәселе ғой.

Мағжан

Мен тоқал алуға келіспеймін. Адам кіммен қарайса, сонымен ағару керек қой. Бір-ақ адаммен ғана өмір сүргенге не жетсін. Ал жағдайы жетсе ала берсін.

Руслан

Тоқал алуға қарсымын. Бір әйелге жете алмай жүрген адамдар бар ғой қаншама. Бір әйел алып, соны бағып, жеткізсем деймін. Ойымда, санамда екінші әйел алу деген мүлде жоқ екен. Елестете алмайды екенсің. Бірақ қазақтың қызының шетелдіктерге шығып кетіп жатқанын естісең, соларға бергенше өзің екінші қылып алып алғың келеді. Сондай кездерде ғана болмаса тоқал алмайтын едім.

Медет

Өзімнің қарындастарым мен болашақ қыздарым тоқал болғанын қаламағандықтан, екінші әйел алуға қарсымын.

Райхан, тұрмыстағы келіншек

Ешкім бұған келіспейді деп ойлаймын. Мен өзімді құрметтеймін. Сондықтан біреудің тоқалы болмаймын. Егер күйеуім алам десе (екінші әйел – ред.), ажырасамын.

Гүлсім, тұрмыста, екі балалы ана

Одан да бірінші болған жақсы. Егер менен басқа әйелді алып келем десе, ажырасамын да, балаларымды өзіммен алып кетемін.

Гүлнұр, тұрмыс құрмаған

Егер маған екінші әйел болуға ұсыныс жасаса, өліп қалар едім. Екінші әйел болып шықпаймын. Мен отырып қалған қыз емеспін. Мен жаспын. Қазір қыздар мен ерлердің саны бұрынғыға қарағанда теңескен. Сондықтан ондай қажеттілік туып жатқан жоқ әлі. Бір еркекке екінші әйел болып тиюді өзім намыс көремін. Шетелдікке де шығуға қарсымын. Қазақ қызы қазақтың ұрпағын жалғастыруға ғана лайықты. Тағдырымызға жазғанымызды көреміз. Өзім оқу бітірген соң тұрмыс құрғым келеді.

Эльнура

Егер күйеуім ортамызда баламыз бола тұра екінші әйел аламын десе, мәселені екеулеп шешетін едік. Көнбеймін әрине, талап қоямын ба, көремін. Әйтеуір бір шешімін табушы едім.

Несібелі

Өзім екінші жар болуға келіспеймін, алайда кейін балаларымыз болып, ол тоқал алам десе келісуім мүмкін. Егер асырай алатын шамасы болса тіпті бір шаңырақ астында да тұра беремін.

Мұратбек

Егер бірінші алған жарым көңілімнен шықса, оны ешкімге айырбастамаймын. Тоқал алмас едім. Негізі бəрі əйелге байланысты. Егер еркектің қалауын тапса ол ешқайда кетпейді. Ал егер көңіліндегісін таба алмаса, ер адам басқасын іздеп тұрады.

Сауалнамаға қатысқан алматылық жігіттер тоқал алуға итермелейтін бəйбішелердің өзі деп отыр. Ал қыздар жағы тоқалдан гөрі бəйбіше болуды армандайтыны белгілі болды.

Дегенмен, тоқал болуға ұсыныс жасаса ат тонын ала қашпай, ойланып көруді жөн санайтын əйелдер көбейген. Олардың басты талабы – ер адамның екі əйеліне теңдей жағдай жасауы.

(Просмотры 4 , 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


 
Post ID 152607  

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

   

NewsTaraz