newstaraz.kz

 
 

Өткен жылы 2,5 мыңнан астам жалған кәсiпкер анықталды – Қаржы министрлiгi


2016062713041885108_2e11fcf20ded6be9b8e30892e3da6a24
  27.06.2016 NewsTaraz.kz.

Фото:ortcom.kz

Министрлiктiң мәлiметiнше, 2015 жылы салық және кедендiк тексерiстер бойынша 24 млрд теңге тәркiленiп, 2,5 мыңнан астам жалған кәсiпкер анықталды.

Өткен жылы тексерiс барысында 2,5 мыңнан астам жалған кәсiпкер анықталды. Осыған орай, биыл ҚР Қаржы министрлiгi жалған кәсiпкерлiктiң алдын алу картасын әзiрлемек. Ол заңсыздықпен күресiп қана қоймай, әдiл бизнестi қорғау үшiн қажет. Бұл туралы ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуі барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.

«Есептiк жылы бiрқатар шара жүзеге асты: берешек азайды, заңды импорт артты, кеденде «жасыл» дәлiз енгiзiлдi. Сондай-ақ, әдiл бизнес үшiн қолайлы жағдайлар жасалып, заңсыз схемалардың алдын алу күшейтiлдi. Өткен жылы 75 млрд теңге салықтың төленбегенi анықталды, бұның барлығы бақыланатын объектiлерге бармай-ақ жүзеге асты», — дедi Б.Сұлтанов.

Министрлiктiң мәлiметiнше, 2015 жылы салық және кедендiк тексерiстер бойынша 24 млрд теңге тәркiленiп, 2,5 мыңнан астам жалған кәсiпкер анықталды, 60 млрд теңге көлемiндегі шығын өтелiп, 3200 жалған ақша қағазы тәркiлендi, қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыру барысында 3 млрд теңге тәркiленiп, 32 жалған ойынхана анықталды.

«Биыл қаржы министрлiгi жалған кәсiпкерлiктiң алдын алу картасын әзiрлейдi. Бұл зардаптармен күресiп қана қоймай, әдiл бизнестi қорғау үшiн қажет», — дедi министр.

 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz