newstaraz.kz

 
 

Тараздағы балабақшалардың бірінде екі жастағы бүлдіршінді көк ала қойдай қылып сабап тастаған


pogudx70g769g0u34.6d25aa9d
  05.07.2016 NewsTaraz.kz.
Скриншот 31 арна

Тараздағы №1 балабақшада небәрі екі жастағы бүлдіршін көк ала қойдай сабалған деп хабарлайды 31 арна.

Кішкентай Артемнің анасы баласының өлім аузынан қалғанын айтады. Әбден таяқ жеген бала басын көрпеге бүркеніп жатқан жерінен табылған. Ал Артемға «саусағымыздың ұшын да тигізбедік» деп ант-суын ішкен тәрбиешілер баланы ұрған біз емес дейді. Айтуларынша, екі жастағы бүлдіршінді тепкілеген ересек топтың алты жастағы баласы.

Көзі көгеріп, құлақ шекесі мен бет-аузы түгел қанталаған көрініс төрт күн бұрын болған. Десе де жарақат ізі әлі жазылмапты. Соған қарап Артемнің ата-анасы баласы аяусыз соққының астында қалғанына сенімді. Сол күннен бері жиі жылауды шығарған бүлдіршін түні бойы тыпыршып шошып оянатын болды дейді анасы. Ал бала өзіне жәбір көрсетуі мүмкін адамның есімін жатқа біледі екен.

Скриншот 31 арна

«Әрине тәрбиеші кінәлі? Қарамаған, байқамаған», — дейді Тараз қалалық №1 бала-бақшасының әдіскері Фатима Ахметова.

Болған жайды балабақша басшылығы тек болжап айтады. Өйткені тәрбиешісінің өзі оқыс оқиға туралы әр қилы түсінік берді дейді ата-ана. Артемнің анасының айтуынша, ересек топтағы алты жасар бала ұлын жатын бөлмеге апарып соққыға жығуы мүмкін.

«Түс әлетінде телефоныма осы балабақшаның «Күн шуақ» тобында оқыс оқиға болғаны жайында тәрбиеші хабарласып тұтқаны қоя салды. Жанұшыра жеткенімде баламның бет-аузында сау жері қалмағанын көрдім. Тәрбиеші түскі аста Артемді таппай қалғанын айтты. Келесі жатын бөлмеде басын бүркеніп, көрпеге тығылған күйінде тауып алыпты», — дейді Артемның анасы Ольга Андронова.

Артемнің анасы бұл жағдай әлдеқайда ерте болғанына сенімді. Өзін болған іс болып, бояуы сіңген соң ғана шақырған дейді. Балабақша қызметкерлерінің жедел жәрдем шақырдық деп жалған айтқанына ашынады. Ал тәртіп сақшыларының әрекеті тіпті ызасын тудырған. Істі тергеудің орнына жылы жауып қоюға жата-жастанып жалбарынды, дейді. Оқыс жайттан соң аяқ асты бүлдіршіндер үйінің меңгерушісі еңбек демалысына шығып кетсе, тәрбиеші денсаулығына байланысты келуді қойыпты. Ал алты жастағы баланың кіші топта не істеп жүргені сол күйі белгісіз.

Артемнің анасы сала мамандарының салғырттығынан балам психологиялық соққы алды дейді. Басқа баланың басында қайталанбас үшін жауаптылардың жұмыстан кетуін талап етеді. Қазір бұл іспен прокуратура айналысуда.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz