newstaraz.kz

 
 

Танымал тележүргізуші алматылықтардың қайырымдылыққа жыртық іш киімдерін әкелгенінен шошынды (фото)


pogudx1pbo6v2ov3n8.e6822c6f
  17.04.2016 NewsTaraz.kz.

Танымал тележүргізуші, продюсер Адель Оразалинова 5 жыл бұрын құрған «қажетсіз киімдер қоймасына» алматылық тұрғындардың лас, жыртық іш киімдердін әкелетінін айтып ренжіді.

«Алғашында маған  достарым, таныстарым, туыстарым керексіз киімдерін әкелетін. Мен оларды арнайы бөлмеде сақтап жүрдім. Кейде мәшинемнің артқы жағына да салатынмын. Киімдерді іріктеп, тұрмысы төмен отбасылар мен жетімдер үйіне апаратынбыз», — деп бастады әңгімесін продюсер Facebook парақшасында.

«Кейіннен «қажетсіз киімдер қоймасы» туралы ойыммен Facebook парақшасында бөлістім. Құрбым Марина Жапабаеваның кеңсесінде ескі киімдерді қабылдайтын бөлме аштық. Алып келушілер қатары көбейгендіктен, кеңсеміз «Тұңғыш шығармашылық бірлестігіне» көшіп, кеңейді. Киім, төсеніш, ойыншық, аяқ-киім, дәрі, азық-түлік өткізушілер мен алушылар саны күн сайын артуда», — деп жазған Адель Оразалинова қайырымдылық ісінің көңіл түсірер кем тұсын ашып айтты.

Фото: Адель Оразалинова

«Мен қол ұшын созғысы келетін тұрғындардан тек таза, жуылған, ескі болса да, бүтін киімдерді әкелуді сан мәрте өтіндім. Сонда да әкелген сөмкелердің ішінен кейде лас, жыртық заттар шығады. Бір сыңары жоқ аяқ-киімді, тоз-тозы шыққан киімді, доңғалағы жоқ ойыншық мәшинені көргенде, ет жүрегім езіледі. Мұны мен балаға қалай берем? Құрбым Аружан Саин дұрыс айтты, мен жуындыны сұрыптап отыратын сияқтымын», — деп кейіді танымал тележүргізуші.

Адель Оразалинова қасындағы көмекші жандардың жыртық іш киімдерді, тіпті арасынан өлі тышқан табылатын төсеніштерді сұрыптап шаршағанын жеткізді.

«Біреуді қайырымдылық жасауға міндеттегім келмейді. Бірақ, осы жолы тұрмысы төмен келіншекпен қоймадағы заттарды іріктеп жатып, шыдамым таусылғандықтан, жыртық іш киімді, иісі мұрын жаратын сасық нәскиді көргенде, еріксіз суретке түсіруге мәжбүр болдым. Ұяттан жарылардай болсам да, сіздерге алдымен саналарыңыз бен ішкі жан дүниелеріңізді тазалап алуға кеңес беремін», — деп түйіндеді ойын продюсер.

Дереккөз: Nur.kz



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz