newstaraz.kz

 
 

Танымал ақын Сергей Кулагинге әкесінен қалған жер жоқтығын ескертті


pogudx1mespmtu7qu.053ce64e
  13.07.2016 NewsTaraz.kz.
Айбек Қалиев. Фото. ult.kz

Танымал айтыс ақыны, жер мәселесін көтеріп, халықтың ықыласына бөленіп жүрген Айбек Қалиев еліміздегі ірі жер иеленушілерге қатысты ойымен бөлісті.

Бұл туралы ол dalanews.kz сайтына берген  сұхбатында айтқан. NUR.KZ сұхбатты қысқартып, оқырман назарына ұсынады.

– Айбек мырза, кейбір жоғарыдағы басшылар қанша жасырып жапқанымен кімде қанша жер телімі бар екені ақырындап ашылып жатыр емес пе?

— Жуырда Ақмола облысының әкімі Кулагин 80 мың гектар жері барын мойындады. Жалпы халықтың білуінше Терещенкоға тиесілі жер ауыз толтырып айтарлық көлемде. Қостанай облысында “Иволганың” қаншама мың гектар жері жатыр далиып. Оның иесі Василий Розинов деген кісі. Атақты миллиардер Машкевичтің қарамағындағы жерлердің қанша екендігі бір Аллаға ғана мәлім. Одан бөлек қазақтың табиғаты ерек, шұрайлы жерлері көп қой. Соның өзім көзіммен көрген біреуін ғана айтайын.

Жасыбай деген атақты көл бар. Соған жолымыз түскенде мылтықпен арнайы күзетілетінін көріп шошығаным бар. Әкесінен қалған жер ме ол?! Бұл қазақты басыну ғой. Бұлар біздің білетіндеріміз ғана. Білмейтін, білсек, зәремізді ұшыратын жайттардың болуы әбден мүмкін. Осы тұрғыда қарасақ оларға жердің сатылғаны пайдалы. Ал қарапайым қазақ жұртының жерді сатып алуға шамасы келмейтіні әмседен белгілі. Шынын айтсақ қазақ үшін жердің қадірі – материалдық құндылық емес, ұлттық идеологиялық құндылық болып тұр.

– “Ел құлағы – елу” деп жатады халық. Жер мәселесі ушығып, елбасы заңға мораторий жариялап жатқанда, Ресейдің әскери машиналары Торғай даласын шаңдатып жүргенін айтыс барысында айтып қалдыңыз…?

– Айтпасыма болмады. Менің жаныма қатты батқаны: өзім өскен Торғай жерінен Ресейдің зымыран қалдықтарын құлату үшін жалға жер беріліп жатқаны. Кейбір жеткен сыбыстардан Тосын құмына зиянды қоқыстарды көму жоспарланған. Былтырғы жылы осыншама зиянды қалдықтардың кесірінен Торғай даласында киіктер қынадай қырылды. Кейбір ауылдарда ірілі-ұсақ малдар өрісте құлап жатты.

Сайын дала да зорман, жыландарға дейін жайрап қалды. Оның адамға залалы жоқ деп алдаусыратқанмен, гептилдің аты – гептил. Оның ауаға, малға, ішер асқа зияны болмауы мүмкін емес. Оның зардабын халық елу, бәлкім жүз жылдан кейін тартуы бек мүмкін. Енді мынаған қараңыз: Жерді жалға алғаны үшін Ресейдің бізге төлейтін қаражаты 350 мың доллар ғана. АҚШ-тың әйгілі әншісі Дженнифер Лопес өзінің жамбасын жылына миллион долларға сақтандырады. Сонда қазақтың жері Америка әншісінің жамбасынан құнсыз болғаны ма?

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz