newstaraz.kz

 
 

Тәжікстанда ата-анасы үйленуге қарсы болған жастар суға секіріп өлді


pogudx6r1i70ftnga.c6fc519e
  20.07.2016 NewsTaraz.kz.

15 шілдеде Тәжікстанның екі тұрғынның өлі денесі табылды деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтары.

24 жастағы Шахбоз Холмуродов пен 21 жастағы Санавбар Гафурованы туған-туыстары мен Зосун қышлағының тұрғындары бір апта бойы іздестірді.

Зосун қышлағындағы ауылдық кеңестің басшысы Акбархуджы Солеховтың айтуынша, ғашықтар өмірмен өз еріктерімен қоштасқан. 8 шілдеде жастар қышлақтан алты шақырым жердегі өзенге ағып өлген.

Тұрғындар бұл оқиғаға әртүрлі болжам жасады.

«Жастардың ата-аналары олардың некелесуіне қарсы болмаған, кейін жағдай өзгерсе керек. Олардың қосылуына не кедергі болғаны бізге белгісіз», — деді Солехов.

Шахбоз Холмуродов Тәжікстан Ұлттық университетін бітіріп, Анзобтегі Металлургия комбинатының химиялық зертханасына жұмысқа тұрған. Санавбар Гафурова биыл Айнин ауданының медициналық колледжін аяқтаған.

Шахбоздың туыстары қос ғашық мәңгілік бірге болу үшін осындай әрекетке барды деп есептейді. Марқұмның достары осыдан алты ай бұрын жастардың ата-аналары оларға батасын бергенін айтты.

«Бірақ үш ай бұрын ата-аналар бұл райынан қайтып қалды, сол себепті екеуі біраз уақыт кездеспей жүрді. Кейін қайта қосылды», — деді Шахбоздың университетте бірге оқыған досы Джонон Эшназаров.

8 шілдеде Шахбоз жұмысқа кеткен бойда үйіне қайта оралмады. Туған-туыстары оны бір апта іздестіріп, теледидардан хабарлады, газеттерге жариялады. Олар Шахбоздың аман-есен табылатынына осы күнге дейін үміттеніп жүрді.

Қазір ғашықтардың өлімін аудандық органдағылар тергеп жатыр. Бұл оқиға жергілікті тұрғындарды қатты ойландырып тастады. Зосун қышлағының ауылдық кеңесі болашақта мұндай жағдай қайталанбас үшін, ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz