newstaraz.kz

 
 

Түркияда «Қазақ елі» журналы жарық көрді


2016032915411694990_9b8c9c3a8924d0791d454b51324ca61c_l
  29.03.2016 NewsTaraz.kz.

«Қазақ елі» журналымызда Қазақстаннан жіберілген мақалалар мен осы жерде тұрған білімді, көзі қарақты азаматтардың да мақалалары бар.

 

 

Қазақ және түрік баспасөзі «Қазақ елі» деп аталатын басылыммен толықты. Жаңа журнал Ыстамбұл қаласында Түркиядағы қазақ диаспорасының қолдауымен жарық көрді. Оның алғашқы саны 2500 данамен қазақ және түрік тілдерінде басылып шығып, өз оқырмандарына жол тартты, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

«Журнал түркі әлемі мен Қазақстан жайлы мол мағлұмат беріп, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттауды көздеп отыр», — дейді «Қазақ-түрік білім және зерттеу» қауымдастығының төрағасы Серкан Динчтүрік. Атап өту керек, басылымның алғашқы санында Еуразия университеті журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры Намазалы Омашевтың, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаев пен Еуразия түрік қауымдастығы федерациясының төрағасы Исмаил Дженгиздің көлемді мақалалары жарияланған.

Серкан Динчтүрік, «Қазақ-түрік білім және зерттеу» қауымдастығының төрағасы:

«Қазақ елі» журналымызда Қазақстаннан жіберілген мақалалар мен осы жерде тұрған білімді, көзі қарақты азаматтардың да мақалалары бар. Жоспарымыз – Түркиядағы қандастарымыз бен Қазақстаннан келген бауырларымызға жан-жақты қолдау көрсету. Журналды Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстарды тереңдету мақсатында жарыққа шығардық.

Фото:24.kz

 


 

(просмотры 2 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz