newstaraz.kz

 
 

Студенттерден пара алған заң факультетінің ұстазы көпшіліктің алдында әшкере болды


  19.04.2017 NewsTaraz.kz.

Көрнекі сурет. Фото: Аргумент

Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы парақорлық жүйелі мәселеге айналғаны белгілі. Еліміздің маңдайалды оқу орны саналатын  университеттердің бірінде оқыған студент бірнеше жыл бұрын болған жайтты есіне алып, парақорлыққа қарсы қалай күрескені туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған университеттің түлегі жоғары оқу орнында бұдан бірнеше жыл бұрын сессия кезінде парақорлық жайтының орын алғанын жасырмай айтып берді. Дегенмен, студенттер өз құқығы үшін барынша күресіп, университет басшылығымен бірге бұл мәселені шешуге атсалысқан.

Есімін жасырған филология факультетінің түлегі бірінші курста «Құқықтану» пәнінен сабақ берген екі бірдей оқытушының студенттер  алдында қалай әшкере болғанын есіне түсірді.

«Қосымша пәндердің бірінен бізге Заң факультетінің екі оқытушысы сабақ берді. Бірі лекция оқыса, енді бірі семинар қабылдайтын. Сессия жақындаған уақытта сол пәннің емтихан сұрақтары мен жауаптары бізге таралып кетті. Содан студенттердің 90 пайызы емтиханды өте жақсы тапсырып шықты. Оқытушылар бұл нәтижеге сенбеді. «Бұлай болуы мүмкін емес», – деп бізге емтиханды қайта тапсыратынымызды айтты. Соңғы емтихан болатын. Студенттердің көбісі ауылдарына қайтып кеткен. Сондықтан біз бұған келіспедік», – дейді университет түлегі.

Емтихан үстінде де қызық жағдай болған. Емтихан қабылдаушылар бір студентті тест сұрақтарының барлық жауаптарымен ұстап алған. Ал студент сабақтың 50 пайызына қатыспағанын, өзінің пара бергенін, сөйтіп осы емтиханға кіргенін бүкіл топ алдында жайып салған.

«Мен бұл сабақтың 50 пайызына қатыспағанмын. Оны жөндеу үшін бір бала арқылы ақша бергенмін. Мен сіздермен тікелей сөйлескен жоқпын. Бірақ екеуіңіздің біріне бергенін біліп тұрмын», – деп қойып қалды студент.

“Екі оқытушы да пара алғанын мойындамай қойды. Содан соң біз екі факультеттің деканын шақырып, осы мәселені қарадық. Емтиханды қайта тапсырмайтын болдық. Олар мойындаған жоқ. Бірақ емтиханды қайта тапсырмайтын болдық. Сөйтіп, Заң факультетінің деканы ендігі уақытта сол екі оқытуышының біздің факультет студенттеріне сабақ бермейтіндей етіп қойды», – парақорлықтың куәсі болған университет түлегі.

Оның айтуынша, жоғары оқу орындарында параны тікелей емес, ортадағы делдалдар арқылы алдырады.

Университет түлегі парақорлық мәселесінің алдын алуға студенттер де атсалысуы тиіс екенін тілге тиек.

“Сонда ғана бұл мәселе түбегейлі шешілмек, егер барлығына көз жұма қарасақ, онда білім де, жүйелілік де болмайды”, – деді ол.

(Просмотры 8 , 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


 
Post ID 145461  

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

   

NewsTaraz