newstaraz.kz

 
 

Өскеменде сәбиін көміп тастаған әйел өзін жақсы анамын деп атады


pogudx2bipucqu7bjg.52dace7c
  24.02.2016 NewsTaraz.kz.

Қаңтар айының соңында Үржар ауданында елең еткізерлік оқиға орын алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы төрт баланың анасы жаңа туған сәбиін азаматтық некедегі күйеуімен бірге ауыл шетіне апарып көміп тастаған. Полиция істің анық-қанығын әлі қарап жатыр.

Бұл туралы «Өскемен Жаңалықтарына» сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мәдина Садықова (аты-жөні өзгертілді) бірнеше жылдан бері балалар үйінде от жағушы болып жұмыс істейді. Аталмыш жағымсыз жағдай туралы ақпаратты әріптестері полиция бөлімшесінен келіп түскен қоңыраудан кейін бір-ақ білген. Тіпті оның жүкті екені туралы да көбісі білмеген. Полицияның зерттеуі бойынша, әйел өзінің жүкті екенін ешкім сезбеуі үшін, белбеумен қатты буынып алған болуы мүмкін.

“Сол күні әйелдің күйеуімен бірге барып, сәбиді тастап жатқанын байқаусызда ауыл тұрғындарының бірі көріп қалады. Адамдар әкімшілікке хабарласып, олар бізге айтты. Әйелді тез арада ауруханаға жеткізіп, оның күйеуін тұтқынға алдық”, – дейді тәртіп сақшысы Нұржан Талегенов.

Полицияның айтуынша әйел ешқандай дәрігердің қатысуынсыз, өз үйінде босанған. Ауыл тұрғыны жергілікті аурухананың есебіне де тұрмаған екен. Мәдинаның жүктілік уақыты жеті ай ғана болған. Оқиғадан соң тәртіп сақшылары сәбидің денесін қазып алып, оны сот-медициналық сараптамасына жіберді. Алдын ала дерек бойынша, сәби өлі туылған болуы мүмкін.

“Мен мұндай ақпараттың қайдан пайда болғанын білмеймін. Менің төрт балам бар. Өзімді жақсы анамын деп ойлаймын. Мен және қазіргі күйеуім бұл баланы қатты күттік. Бала өлі туылғандықтан, біз оны апарып көмдік. Ал қалған ақпараттың бәрі жалған”, – дейді Мәдина.

Ал ауыл тұрғындары бала оларға керексіз болды, сол себепті оны көміп тастаған деп есептейді. Тіпті, оның тууына таныс дәрігері көмектескен болуы да мүмкін екен.

“Мәдинаның пәтерін дәрігер болып қызмет істейтін әйел жалға алып тұрады екен. Олар балалар үйінде бірге жұмыс істеген. Үй иесінің толғағы басталғанда, дәрігер де жұмыстан келіп жатқан. Алайда, оның шын мәнінде тууға көмектескені белгісіз”, – дейді ШҚО ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, іс бойынша әйел мен оның күйеуіне ешқандандай айып тағылмауы мүмкін. Себебі, зерттелген деректер бойынша баланың өліміне олар кінәлі емес көрінеді.

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz