newstaraz.kz

 
 

Өскеменде 18 жастағы бойжеткен зорланғаннан кейін асылып қалған


pogudx6odbtfg51me.cf86eb95
  25.02.2016 NewsTaraz.kz.

Өскеменде 18 жастағы Мөлдір Опсанованы зорлап, оның өліміне себепкер болған азаматтың ісі бойынша.

Жабық сот отырысы өтті деп хабарлайды NUR.KZ порталы 16news.kz порталына сілтеме жасап.

Бойжеткен зорланғаннан кейін сарайда асылған күйде табылған.  Бұл суицид болды ма, жоқ әлде зорлаушылардың қылмысты жасыру әрекеті болды ма, тергеу әлі анықтау үстінде.

Өткен жылдың шілдесінде Мөлдір Аягөз қаласындағы туысқандарына қонаққа келеді. Кешкісін 2015 жылдың 14 шілдесінде бала кезінен құрбысы болып келетін Эльвира оны қыдырып қайтуға шақырады.

Көшеде құрбыларды Эльвираның таныстары көлігімен күтіп тұрады. Нақтырақ айтқанда, көлікте үш ер кісі болған. Ал Мөлдірдің жақындары оның шығып кеткенін аңдамай қалған.

15 шілде күні таңертең олар бойжеткеннің денесін асылған күйде үйдің сарайынан табады. Денесінде сау тамтығы жоқ бойжеткеннің қасында оның ұялы телефоны жатқан. Онда «Олар мені зорлады» деген хабарлама терілген, алайда ешкімге жіберілмеген. Хабарламаны жақындары мен көршілері көрсе де, іс материалына дәлел ретінде алынған телефондағы бұл хабарлама ізім-ғайым жоқ болған.

Бойжеткеннің тәтесі Бақыт Оспанова қыздың қазасына кемінде үш зорлаушы кінәлі екеніне сенімді. Оның ойынша, зорлаушылар қылмысын жасыру үшін Мөлдірді өлтіріп, кейін өзі асылып қалғандай етіп көрсеткен. Бақыт Оспанова қалған қылмыскерлер жауапкершіліктен құтылып кетеді деп қорқуда.

Сот медицина сараптамасының нәтижелері де бойжеткенді үш ер кісі бір-ақ зорлауы мүмкін екенін жоққа шығармады. Алайда сот алдына тек біреуі ғана келіп отыр.

«Бойжеткеннің тырнағының астын тексермеді. Ол қорғануға тырысқанда зорлаушылардың бірін тырнап үлгерген. Алайда тергеу мұны ескеріп отырған жоқ», — дейді зардап шегушінің қорғаушысы Адамбек Байдәлімов.

Олар, сонымен қатар бойжеткен асылған арқан күрмеу әдісімен түйлігеніне назар аударған. Ондай әдіспен байлау екінің бірінің қолынан келе бермейтіні бойжеткеннің жақындарына күдік ұялатқан. Әлсіз қыздың өзіне осылай қол салғанына күмәнмен қарайтын Мөлдірдің жақындары тергеудің әділ өткенін қалап отыр.

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz