newstaraz.kz

 
 

Шымкентте науқасты балағаттап, қабылдаудан бас тартқан дәрігер депутат атанды


pogudx3hk5eoo41m2.d9937a0e
  25.03.2016 NewsTaraz.kz.

Шымкентте өз кабинетінде науқас пен оның туыстарын балағаттаған облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері Мұқан Егізбаевтың бағы жанды.

Ақ халатты қызметкер №11 сайлау округі бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Айта кетейік, 15 наурыз күні ғаламторда Егізбаев мырзаның өз кабинетінде науқас пен оның туыстарын қабылдап, оларды балағаттай жөнелгені туралы видео тарап кеткен болатын.

Науқас туысының «Сіз біздің орныңызға өзіңізді қойып көріңізші, айналайын бауырым» деген өтінішіне «Маған ақыл айтпа!…», – деп айғайлаған болатын.

Осыдан соң, дұрыс ем көрсетілмеген науқастың қайтыс болғаны туралы хабарланды.

Мұқан Кеңесбекұлы 1959 жылы дүниеге келген. Бүгінде Шымкент қаласында тұрады. Бірнеше жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет етеді. Ол бұған дейін депутаттық мандатқа ие болып үлгерген.

Мұқан Кеңесбекұлының інісі Нұрхан Егізбаев болса, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Ол №19 сайлау округі бойынша бақ сынаған болатын. 12558 сайлаушысы бар округ халқының 9846-сы сайлауға қатысып, оның 8308-і кандидат Егізбаевқа дауыс берген.

1972 жылы дүниеге келген Нұрхан Кеңесбекұлы Егізбаев  «Шымкент жасыл қала» ЖШС-нің директоры


(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


 
 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   
NewsTaraz

NewsTaraz