newstaraz.kz

 
 

Шымкентте көлік қаққан 17 жасар қыз мерт болды


pogudx5jtfrkk9b7n.566a1f4f
  27.06.2016 NewsTaraz.kz.
Фото: news-39.ru

Шымкент қаласында жаяу жүргіншілерді көлік қағып, нәтижесінде 17 жасар қыз қаза болды. Қайғылы жағдай 2016 жылдың 25 маусымы күні болған.

Ішкі істер департаменті өкілдерінің хабарлауынша, Тәуке хан мен Қарасу көшелерінің қиылысында «Мерседес-бенц 300» маркалы автокөліктің жүргізушісі, 1983 жылғы облыс орталығының тұрғыны жаяу жүргіншілерді қағып кетеді. Соның салдарынан үш бала зардап шекті: 1999 және 2015 жылы туған қыздар мен 2000 жылы туған ер бала, деп жазады otyrar.kz.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 17 жасар қыз алған ауыр дене жарақаттары салдарынан қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Алайда есін жимаған күйі қаза болды. Өзге екі жасөспірім дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілді.

Полицейлер аталған жайтты тіркеп, қылмысты кодекстің 345-бабымен (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) іс қозғады. Жол-көлік оқиғасының кінәлі «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі қамауда. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz