newstaraz.kz

 
 

Шымкентте BMW жылу трассасын жөндеп жатқан бес жұмысшыны басып өтті (фото)


pogudx6ue1majdno8.6694c6f8
  14.08.2016 NewsTaraz.kz.
Фото: Отырар.кз

Шымкентте BMW жүргізушісі қаланың орталығында жылу трассасаын жөндеп жатқан бес жұмысшыны басып кетті. Салдарынан 1995 жылы туылған М. Әлібек есімді бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. Қатты соққыдан оның денесі бөлшектеніп кеткен. Бұл туралы NUR.KZ жергілікті Отырар арнасының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кабриолет жүргізушісі оқиға орнынан көлігін тастап, бой тасалаған. Құқық қорғау өкілдерінің хабарлауынша, әзірге оның аты-жөні анықталған жоқ.

Қайғылы оқиға таңғы алтылар шамасында Қонаев даңғылы мен Ғани Ілияев көшесінің қиылысында орын алған. Жұмысшылар бригадасы жұмыс орнына таң ата келген.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, алтыншы үлгідегі BMW көлігі жол қиылысынан аса үлкен жылдамдықпен жүйіткіп, жұмысшыларды жолдан «сыпырып тастаған». Апат орнына келіп жеткен жедел медициналық жәрдем зардап шеккендерді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, олар келіп жеткенде жантүршігерлік оқиғаға куә болған — зардап шеккендер әр жерде «шашылып жатқан».

Үш адам аурузхананың травматологиялық бөліміне жатқызылды.  1978 жылы туылған тағы бір жұмысшы ауыр бас сүйек-ми жарақатымен жан сақтау бөліміне жеткізілді.

Қазір қайғылы оқиға орын алған жол учаскесі қоршауға алынды.

pogudx42pkbvp95th.8e68608dФото: Отырар.кз

Empty settings (View 2216c5d386 does not exist)
(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz