newstaraz.kz

 
 

Шымкент тұрғыны құдасының мойнына шыққан ісікті көлбақамен қайтарды


pogudx1q68l9g6ggco.81aa429e
  27.08.2016 NewsTaraz.kz.
Бақа. Көрнекі сурет

Шымкент тұрғыны құдасының мойнына шыққан ісікті көлбақамен қайтарды. Бұл туралы «Замана» басылымында жазылған.

«Менің атамның мойнында үлкен тыртық болатын, бірде мен ол кісіден сол тыртықтың неден қалғанын сұрағанмын. Сонда атам маған былай деді», — деп әңгімесін бастады тұрғын.

Немересіне атасы мойнындағы жара әбден мазасын алғанын айтқан.

«Қай кезде пайда болғанын байқамаппын, мойныма бір түйін шығыпты. Мен оны солқылдатып ауырта бастаған кезде ғана аңғардым. Кейін ол көлемін ұлғайта бастады. Күндіз жұмыста жүргенде ет қызуымен білінбейді, ал түнге қарай жаныма қатты батырып ауырады, тіпті түнде ұйықтаудан қала бастадым. Сонда да күндіз мойнымды орамалмен таңып алып жұмысқа баратынмын. Бірде мен тәуіпке көріндім. Ол менің мойнымдағының ісік ауруынан екенін айтты, бір дәрілер берді. Бірақ сол дәрілердің маған жәрдемі болған жоқ. Бірте-бірте ауруым асқынып, өмірден күдер үзе бастадым» — дейді атасы немересіне.

Қария жарасына ем іздеп құдасына барады.

«Сөйтіп жүргенде ауылдас ағайынымыз келін түсірді. Соның тойын өткізіп болған соң құда шақырғанбыз. Жұрттан келіннің әкесі емшілігі бар, сауатты молда кісі екенін естідім. Құдаларды ағайынды бес үй кезек-кезек күткенбіз, кезек біздің үйге келгенде құдадан мойнымдағы ісікті көріп, қолынан келсе, ем жасауын өтіндім. Содан құда мені бөлек бөлмеге кіргізіп қарады, мойнымдағы орамалды шешкізіп, ісікті көрді де, тез арада көлбақа таптырып әкелуді тапсырды», — деп жалғастырды қария.

Құдасы бақаны оның көз алдында пәршелеп тастаған.

«Балалар көп ұзамай-ақ құдаға тірі бақа әкеліп берді. Ол кісі бір дөңбек алдырып, көз алдымда бақаны пәршелеп шапты да, дене бөліктерін жылы күйінде мойныма қойып, үстінен мықтап таңып тастады. Күн кешкірген кез, мазам кетіп тұр еді, төсекке жатып қалдым. Мойнымдағы ісіктің солқылдап жатқаны есімде, ұйықтап кетіппін. Содан тас болып ұйықтап, таңертең бір-ақ тұрдым. Денем жеңілдеп, сергіп қалыппын. Орамалды шешіп, айнаға қарасам, ісіктен із жоқ, ол жарылыпты, мойнымда қою қара қанның ізі ғана қалыпты. Қуанғаннан жүрегім жарылып кете жаздады. Емші құдаға қайта-қайта алғысымды айтып шығарып салдым. Ауру содан қайтып мені мазалаған жоқ. Бұл, балам, сол емнен кейін қалған тыртық қой», — деп сөзін аяқтады ақсақал.

«Міне, менің атамның басынан осындай жай өткен екен. Адамды ауыртпасын, дегенмен біреулер ауыра қалса, бақаның да шипасы тиіп қалар деген ниетпен жазып отырмын мұны», — деп түсіндірді тұрғын.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz