newstaraz.kz

 
 

Шымкент тұрғыны Қадір түнінде періштелерді өз көзімен көргенін айтты


pogudx7kvf68stc25.72741647
  14.07.2016 NewsTaraz.kz.
Нұрғожа Сыздықов. Фото: zamana.kz

Мұсылмандық бес парыздың бірі – ораза тұтқандар жылдан-жылға көбейіп келе жатыр.  Солардың бірі – шымкенттік Нұрғожа Сыздықов деп жазады Замана.

Жаздың шыжыған ыстығында адамдарды тамақтан бұрын шөл қинайтыны белгілі. Дей тұрғанмен сондай қиындыққа төзіп жүргендер де аз емес. (суретте). Нұрғожа Сыздықовтың үзбей ораза тұтып келе жатқанына биыл 30 жыл болыпты.

Бұл жөнінде оның өзі былай дейді:

— Мен 1980-жылдан бері бес уақыт намазды қаза қылған емеспін. Сол жылы қазіргі Тараз қаласында атағы көпке танымал Ғұлам Шейх Зүлін деген кісінің бір ауыз сөзіне бола намазға жығылдым. Сөз арасында ол кісі менен намаз оқисың ба деп сұрады. «Жоқ» деп едім: «Е, онда сен де мал екенсің ғой. Одан қай жерің артық?» – дегенде не деп жауап берерімді білмей, көп ұзамай дін жолына түстім.

Ораза тұтқаныма биыл 30 жыл болды. Бұрын Шымкенттегі қорғасын зауытындағы балқыту цехында жұмыс істегенмін. Ол жерде ораза тұту мүмкін болмайтындықтан демалыс алатынмын. Қазір еркім өзімде.

Мен дінге ғашық болдым. Облыс көлеміндегі барлық әулиелерді зиярат еттім. 1974 – 1984-жылдары Самарқан қаласына барып, ол жердегі Әмір Темір, Бибіханым, Жалаңтөс батырға зиярат етіп, Ұлықбек обсерваториясында болдым. 1993 – 1999-жылдары Ақмола облысындағы Тілекей, Сепе елді мекендеріне ораза айында жұртты бес уақыт намазға және тарауих намазға үйретіп дінге қызмет еттім.

Қадір түні ең бір қасиетті түндердің бірі саналады. Ол түні таза үйге келген періштені таза адам ғана көреді деген сөз бар. Осыдан он жыл бұрын бес адам болып біздер де Қадір түнін күттік. Қасымдағылар шаршағанын айтып ұйықтап қалды. Мен оқитын намазымды оқып, дұғамды айтып отыра бердім. Бір уақытта көзім ілініп кетіпті. Біреу қолтығымның астынан қысып жіберді. Тура адамның қысқаны секілді. «Биссмилла» деп көзімді ашып қалдым. Бөлменің жарығы өшірулі еді. Сонда да кетіп бара жатқан үш адамның сұлбасын көрдім. Жарықты жақсам, сағат түнгі үш жарым екен. Дала тып-тыныш, жел жоқ. Аспан ашық, төңірек аппақ, жарық болып тұр. Қуанғанымнан таң атқанша ұйықтамадым. Бұл мені демеп жүрген періштелер екенін түсіндім. Содан бері өзімді бақытты сезінемін, — дейді Нұрғожа Сыздықов.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz