newstaraz.kz

 
 

Үштілділікті ана тілімізге төнген қауіп деп атаған Мұхтар Тайжан өз балаларын шетелде оқытады


pogudx5e3im6h7tvo.aa4d9e32
  28.06.2016 NewsTaraz.kz.
Фото: rus.azattyq.org

Білім саласындағы реформаларды қолдай қоймайтын, үштілділікті ана тілімізге төнген қауіп деп түсінетін қоғам қайраткері, белсенді, белгілі кәсіпкер Мұхтар Тайжан өз балаларын Англияда оқытатын болып шықты. Бұл туралы Nur.kz хабарлайды.

Бүгін Алматыда өтіп жатқан үштілділік реформасына байланысты алғашқы қоғамдық талқы барысында «Білімді ел» газетінің редакторы Ләззат Түркістанова Мұхтар Тайжанға сауал қойды.

Журналист қоғам қайраткері өз балаларын Англия мен Еуропаның білім беру орындарында оқыта отырып, еліміздегі мектептерде білім беру тек қазақ тілінде жүргізілсін деп талап етуінің себебін түсіндіруді сұрады. Тайжан сонымен қатар ағылшын тілді тереңдетіп оқыту мен батыстық білім беру жүйесін енгізуге қарсы шыққаны белгілі.

Балалары Еуропада білім алып жатқанын және өзі де Польшада оқып келгенін мойындаған Тайжан сауалға нақты жауап бере алмады.

Еске сала кетсек, осыдан бірер ай бұрын үш тілді оқыту жүйесін қолдаған кәсіпкерлер қазақстандықтарға, балаларының болашағына алаңдап отырған ата-аналар қауымына үндеу жолдаған еді.

Білім және ғылым министрлігі ұсынып отырған үш тілде оқыту жүйесін қызу қолдайтындар арасында қазақ тілінде екі сөздің басын қоса алмайтындар да бар екенін айта кеткен жөн болар.

Үндеуге қол қойғандардың ішінде  Айдын Рақымбаев, Айгүл Жайлаубекова, Андрей Лаврентьев, Анатолий Побияхо, Арманжан Байтасов, Бауыржан Жамалов, Берік Қаниев, Ғалымжан Есенов, Гауһар Қапарова, Дәурен Жақсыбек, Елдар Әбдіразақов, Ерлан Қожасбай, Исламбек Сальжанов, Кеңес Рақышев, Мехмет Кемаль Четинелли, Махмуд Шадиев, Марат Шотбаев, Сидик Хан, Талғат Ахсамбиев, Тұрсен Алагөзов есімді кәсіпкерлер жүр.

Олар қазақ мектептерінде, әсіресе, ауылдарда білім алып жатқан жастардың одан әрі сапалы жоғары білім алуға мүмкіндіктері шектеулі екенін алға тартқан.

Кәсіпкерлердің үндеуіне қатысты Мұхтар Тайжан сол кезде мындай пікір білдірген еді:

«Бизнесмендердің Қазақстанда негізгі пәндердің қазақ тілінде оқытылуын тоқтату туралы бұлай хат жазуына моральдық құқықтары жоқ. Сіздер мұндай мәлімдеме жасайтындай сарапшы, ғалым немесе педагог емессіздер. Сіздер тіл тақырыбындағы ойларыңызды ортаға салатындай барлығыңыз қазақ тілін меңгергенсіздер ме? Сіздердің қайсыларыңыз баламызды қазақ тілінде, қазақ мектебінде оқыттық деп мақтана аласыздар? Қазақстанда ақша таба отырып, сіздер қазақ тілінің негізгі қолдану саласы – мектепте шектелуін қолдап отырсыздар. Бүгінгі жағдайда бизнесте жетістікке жеткендеріңіз сіздерге барлық саладағы, оның ішінде мектеп мәселесінде сарапшы болуға құқық бермейді. Қазақ тіліне құрметсіздік – қазақ халқына құрметсіздік. Соңғы уақытта биліктің өзі халықпен санаса бастағанына назар аударыңыздар. Билік бұл жерде дұрыс қадамға барып отыр».

Айта кетсек, аталған шараны Болатхан Тайжан қоры мен «Жас Алаш» газеті ұйымдастырды. Шараға мұрындық болған қоғам белсенділері «үштілділік реформасы ұлтты жоюға бағытталып жатқан реформа» деп бағалайды. Пікірталасқа белгілі қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырларымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz