newstaraz.kz

 
 

Шетелге оқуға аттанған қос ғашықтың трагедиялық оқиғасы


pogudx4nscb7la8ui.aad338d5
  15.04.2016 NewsTaraz.kz.

Қазір махаббат жайлы сөз болса көпшілігіміз адал сезімнің иелері Қозы мен Баянның, Төлеген мен Жібектің заманында тарихпен бірге кетті дейміз.

Әулие Валентин күнін тойлайтын жастар үшін бұл дата — махаббат символы емес, өзге діннің жетегінде кететіндігі деп қауіптенеді қоғам белсенділері.

Болат пен Айнұрдың махаббат оқиғасын бұған дейін жариялаған болатынбыз. Бүгін Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні болғандықтан, қайталап беруді жөн көрдік.

NUR.KZ порталы сіздерге қазақы кіршіксіз махаббат иелерімен таныстыруды жөн көрді.

Ел есінде қалған қайғылы оқиғаның бірі, 21 ғасырдың «Қозы Көрпеш-Баян сұлуы» атанған Болат пен Айнұрдың махаббаты жайлы көпшілік, әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақ біле бермейді.

Есімдері Тараз қаласындағы жастар саябағындағы ескерткішке ойылып жазылған қос ғашықтың шынайы тағдырларын білу үшін ата-аналарымен тілдескен едік.

Сонау Англия жұрты бас иген қазақы қос ғашықтың махаббаты жайлы хиқая қалай көпке таралды?

Ақтөбелік Айнұр Сүлейменова және тараздық Болат Кәрентаев «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияның Кардиф университетінде бірге оқыған. 2005 жылдың 23 желтоқсанында елге бет алған қос ғашық Ақтөбеге Баку арқылы ұшатын әуе кемесіне отырады. Ондағы мақсаттары Жаңа жыл қарсаңында ата-аналарының рұқсатын алып, шаңырақ құру еді.

Алайда, аспанға көтерілген ұшақ бірер сәттен соң отқа оранып, Каспий теңізінің арғы жағалауында апатқа ұшыраған еді. Сүңгуірлер теңізден марқұмдардың денелерін алып шыққанда таңданыстарын жасыра алмады.

Себебі, өмірлерінің соңғы сәтін сезген Болат пен Айнұр о дүниеге аттанса дабір-бірінен ажырамап қалмас үшін құшақтасып, өздерін орындық белбеуімен байлап тастаған екен. Құтқарушылар қос мұңлықтың мүрдерлерін тапқан сәтте де олардың құшақтасқан бойы көз жұмғандары белгілі болды. Содан бері 10 жылдан астам уақыт өтті. Алайда, армандары бұл дүниеде орындалмаған жастардың ата-аналары өздерін «мәңгілік Құдай қосқан құдамыз» деп санайды.

«Біз мәңгілік құдамыз. Себебі, балаларымыз қайтыс болып, денелерін жер қойнауына тапсырған соң үйге Болаттың әкесі Амангелді хабарласты. «Болаттың арманы еді, Айнұрға құда түсіп, үйлену. Енді оларды Алла тағала о дүниеде қосар деп үміттенемін. Алайда баламның соңғы тілегін орындайын қызыңызға құда түсіп барайын», -деді. Біз қарсы болмадық. Осылайша 2006 жылы 1 қаңтар күні Болаттың ата-анасы және аға жеңгесі келіп, кәдімгі құдалық рәсімін өткіздік. Араға апта салып бізде Таразға барып, құданың отбасысымен танысып қайттық. Өмірде балаларымыз болмаса да, кәдімгі қазақтың құда түсу ырымын түгелдей өткердік. Содан бері екі жақ жақсы араласамыз. Құдағиыммен апта сайын хабарласып, қуаныш пен қайғысына ортақтасып, бірігіп кетті. Барлық жерге бізді құдаларымыз деп таныстырады. Бізде қонаққа келген оларды көпшілікке Құдай қосқан құдам деп қошемет көрсетем», — дейді Айнұр Сүлейменованың анасы Шолпан Сүлейменова.

О дүниеге аттанғанда да құшақтары ажырамаған жастарды бірге жерлейік деген туыстарда ой болған екен. Алайда имамдар бұл дүниеде қос ғашықтың некесі қиылмағандықтан бірге жерлеу шариғат заңына қайшы деп рұқсат бермеген.

«Алла тағала адал махаббат иелерін о дүниеде қосады деген соң Айнұрды туған ауылы Қобдада, ал Болатты Таразда жер қайнауына тапсырдық. Алайда, екі жақ жиі хабарласып, балалардың жамбастары жерге бір күнде бір минутта тисе екен деп соңғы сапарларында бір сәтте жасадық», — дейді ана.

Айнұр мен Болаттың қазасына тек ата-аналары ғана емес, оларды танитын жандардың бәрі, тіпті бүкіл ел қайғырған еді. Талантты, талапты, қажырлы екі жас — өз әулеттері үшін де, жүздеген достары, қызметтес-әріптестері үшін де үлкен үміт символына айналған жандар болды. Пәк сезімнің символына айналған қос мұңлық Айнұр мен Болаттың есімдерін есте қалдыру жолында көп істер қолға алынды. Солардың алды болып екі жас білім алған Ұлыбританиядағы жоғарғы оқу орны. Олар өмірден озған, талапты да тәрбиелі, қос ғашықтың құрметіне үздік тәлімгерлерге арнап «Айнұр мен Болат» атындағы степендия даярлаған. Бұл үрдіс әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Сондай-ақ 2007 жылы Айнұр мен Болат есімдерін есте қалдыру мақсатында Таразда олардың атымен «Ғашықтар аллеясы» ашылып, осы аллеяда «Махаббат символы» монументі (мүсінші — К.Кәкімов) бой көтерді.

Өздері оқыған мектептерде олардың атына мұражайлар ашылды. 2008 жылы Алматы облысы Талғар ауданындағы «Мәсімхан Бейсебаев» атындағы агробизнес және менеджмент колледжінде Айнұр Сүлейменова мен Болат Кәрентаев атындағы стипендиялар тағайындалды.

Алматы қаласындағы бұрынғы «Южный» саябағы енді «Махаббат саябағы» аталып, оның жанынан «Болат пен Айнұр атындағы аллея» ашылды. Қазір қазақтың ұлан-байтақ жеріндегі өзеннің бірі – Ертістің бойын жағалап «Болат Кәрентаев» атты жүк кемесі жүзіп жүр.

«Білім десе ішкен асын жерге қоятын бала еді. Уақытын босқа өткізу дегенді білмейтін оның Кардиф университетін бітіргеннен кейінгі мақсаты — Астанада ауылдан келген балаларға арнап ағылшын тілінде жеке мектеп ашу еді. «Мама – білімсіз адамның қадамы қысқа. Ауылдағы балаларға дейін шетел тілінде еркін сөйлеп білу керек» дейтін. Кішкене ауылда өскен Айнұр ауылдан шыққан қабілетті балалардың биік мақсаттарға қол созуына көмектессем деп армандады. Ол арманына жете алмай кетті ғой. Әйткенмен, Айнұр атындағы стипендияның жыл сайын бір үздік оқушыға үлкен көмек боп отырғанын ойлаудың өзі маған жұбаныш», — дейді Айнұрдың анасы Шолпан Сүлейменова.

Айнұр мен Болатқа арнап талай ақын қалам тербеді. Соның бірі Жанат Төлендінің «Өкініш» жырын назарларыңызға ұсынамыз.

ПЕРІШТЕ БОЛЫП ПЕЙІШКЕ КЕТТІ ҰШЫП

Темір сұңқар отқа оранып боз боран,

Шырқау көкте қақ бөлінді ортадан!

Ақты сосын көк Каспийге құлдилап,

Қандай дұшпан оқ атты екен тасадан?!

Қандай зұлым бұл апатты жасаған?!

* * *

Ақ лайнерге ақ тілегін қоса артып,

Келе жатқан Болат-Айнұр – қос ғашық!

Армандары алып еді жастардың,

Тілектері – мәңгі өту жұптасып!

Бірақ, бірақ,.. ағып түсті қос жұлдыз,

Отқа оранған ақ лайнермен астасып!

Кетті олар құшақтарын айырмай,

Бұл фәнимен мәңгілікке қоштасып!

* * *

…Қиын бүгін, тағдырларын баяндау,

Кетті-ау жастар көрген түстей, оянбай!

Болат-Айнұр – арман қуған қос ғашық,

Тарихтағы Қозы менен Баяндай!

Қайран жастар, бал-бұл жанған жүздерің,

Көрінбейтін құр елеске айналды-ау!

Источник: Nur.kz




(просмотры 4 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz