newstaraz.kz

 
 

Шетелдік әнші қазақ қызының сұлулығына таңдай қағып, клипке түсірді


pogudx1aut9s1dllk8.96b31077
  04.10.2016 NewsTaraz.kz.
Фото Ая Шалқардың желідегі парақшасынан алынды

Қазақша әндетіп жүрген италиялық әнші жігіт Сон Паскаль өз бейнебаянына таңдап алған қазақ қызының табиғи сұлулығына таң қалғанын жасырмады.

Бұл туралы ол 31-арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтып берді.

Оның айтуынша, ол ән жазып отырған кезінде Ая есімді қазақ қызының суреттерін көріп отырып, оның табиғи сұлулығына қайран қалған.

Фото Ая Шалқардың желідегі парақшасынан алынды

Әнші Аяға бірден хабарласып, оны бейнебаянына түсуге шақырған.

Фото Ая Шалқардың желідегі парақшасынан алынды

«Ол сондай тап-таза, мөлдір болып көрінді. Оның сұлулығы заманауи сұлулық емес, оның өзі сұлулықтың белгісі іспеттес»,- дейді әнші.

Фото Ая Шалқардың желідегі парақшасынан алынды

Оның келбеті музыканың мәніне сәйкес келетін. Мен оған хабарласып көріп едім, ол келісімін берді. Біз бірге Италияға барып демалдық, өте жақсы болды. Аяның арқасында бейнебаян сәтті шықты», — деп ағынан жарылды италиялық әнші.

Фото Ая Шалқардың желідегі парақшасынан алынды

Қазақтың қызын Италияда қыдыртып жүріп, Сон Паскаль бейнебаянын теңіз жағалауында-ақ, бар-жоғы екі-үш сағат ішінде түсіре салған.

Фото Ая Шалқардың желідегі парақшасынан алынды

Әнші үшін бастысы бейнебаянның сапасы емес, оның мәні мен әні екен.

Фото Ая Шалқардың желідегі парақшасынан алынды

Естеріңізге сала кетсек, италиялық Сон Паскаль 2011 жылы Қазақстанға келіп, әнші Әнуар Нұрпейісовпен жұмыс жасай бастаған.

Фото Ая Шалқардың желідегі парақшасынан алынды

Оның «Englishman in Shymkent», «You should speak Kazaksha», «Жаным Сол», «Айналайын» әндері бар. Қазақша әндететін әнші домбыра мен шаңқобызда ойнауды да үйреніп алған. 2013 жылы ол Қазақстандағы өмір туралы «Pascalistan» деп аталатын 20-сериялы реалити-шоу түсірген.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz