newstaraz.kz

 
 

Шетелде саяси мансабын құрған Қазақстан тумалары


pogudx2866gr6dt8j.d9d91574
  29.04.2016 NewsTaraz.kz.

Саясатта жетістікке жетіп, ел құрметін иелену — әркімнің қолынан келе бермейтін іс.

Ал оны шетелде жүзеге асыру, тіптен оңай шаруа емес. NUR.KZ порталы ZTB.kz сайтына сілтеме жасап шетелде саяси мансабын сәтті құра алған Қазақстан тумаларын назарларыңызға ұсынады.

Наталья Тимакова

Ресейдің мемлекет қайраткері, Ресей президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы (2008-2012 жылдар), Ресей үкіметі төрағасының баспасөз хатшысы (2012 жылдан бастап). Наталья 1975 жылдың 12 сәуірінде Алматыда дүниеге келген.

Ол бүгінде Ресейдің бірінші санаттағы мемлекеттік кеңесшісі саналады. 2009 жылдан бастап, үздік политехнологтар рейтингіне еніп, екі жыл қатарынан «Ресейдің 100 үздік ауқатты әйелдері» рейтингінде үшінші орынға жайғасқан.

Жәмилә Стехликова

Чех саяси қайраткері әрі дәрігер-психиатр. Жәмилә 1962 жылдың 6 ақпанында Алматыдағы сәулетші Алмас Ордабаев пен химик-ғалым Рауза Сембаеваның отбасында дүниеге келген. Рауза Сембаева — Қазақ КСР ағартушылығының бұрынғы министрі Әбдіхамит Ибнеевичтің қызы. 2007 жылдың 9 қаңтарынан 2009 жылдың 23 қаңтарына дейін Жәмилә Чехия үкіметі Адам құқықтары бойынша кеңесінің төрағасы әрі Адам құқытары бойынша министр болды.

Стехликова — түптамыры қазақ болып саналатын тұңғыш еуропалық министр. 2010 жылдан бастап Әйелдер құқы бойынша чех комитеті мен республикалық ЖИТС-пен күрес орталығын басқарады.

Рашид Нұрғалиев

Рашид Нұрғалиев — Ресейдің мемлекеттік қайреткері, Ресейдің бұрынғы Ішкі істер министрі (2004-2012 жылдар), Ресейдің Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары (2012 жылдан бастап), армия генералы (2005 жылдан бастап) әрі милицияның генерал-полковнигі. 1956 жылы Жетіқарада 8 қазан күні дүниеге келген.

2006 жылдың ақпанынан Ресейдің Ұлттық антитеррорлық комитеті төрағасының орынбасары әрі мүшесі.

2011 жылдың 1 наурызынан бастап Нұрғалиевтің басшылығымен елде мекеменің ірі реформасы жүзеге асырылды: 1917 жылдан бастап атауын өзгертпеген милиция полиция деп аталатын болды.

Аман Түлеев

Ол Қазақстанда туылмағанымен, ұлты қазақ. 1944 жылы 13 мамырда Түркімен КСР-нің Красноводскісінде дүниеге келген. Кемерев облысының губернаторы, «Ортақ Ресей» партиясы жоғарғы кеңесінің бюро мүшесі.

Сібірдегі қаңыраған станцияда қарапайым теміржолшы қызметін атқарған ол еңбекқорлығының арқасында қысқа мерзімде аймақтың бірінші адамына айналды.

Әкесі Молдағазы Түлеев — тылда қаза болған қазақ азаматы. Анасы жартылай татар ұлтына жатады.

Руслан Аушев

Ингушетияның экс-президенті, танымал саяси және қоғам қайраткері. Көкшетау облысы Володарское ауылында дүниеге келген (бүгінде ол Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына жатады). 1991 жылдан бастап ТМД үкімет басшылары кеңесінің тұсындағы интернационалист-сарбаздар ісі бойынша комитеттің төрағасы. Қашан да Қазақстанды және өз туған жерін сағынышпен еске алып отырады.  Басшылық кезінде мемлекет үшін талай жұмыстар атқарған.

Раушан Қанапьянова

Ресейдің ұлттар ісі бойынша мемлекеттік дума комитеті аппаратының басшылығында тоғыз жылын өткізген мемлекет қайраткері. Саяси ғылымдар докторы. Раушан Көкшетау облысында көпбалалы мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Мәскеуге 1988 жылы көшіп келіп, бүгінде этносаралық және гендерлік мәселелерді қолға алған.

Дмитрий Саламатин

Украиналық саясаткер, мемлекет қайраткері. Украинаның халық депутаты, Бюджет мәселелері бойынша комитеттің мүшесі әрі парламенттік комитет басшысының бірінші орынбасары.

2012 жылы Украинаның Қорғаныс министрі болған. 1965 жылы Қарағандыда 26 сәуір күні дүниеге келген. 1999 жылдан бері Украинада тұрып келеді. Екі рет халық депутаты болып сайланған.

Владимир Жириновский

Кеңестік және ресейлік саяси қайраткер, Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары (2000-2011), Ресейдің Либералды-демократиялық партиясының негізін қалаушы әрі төрағасы. Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының мүшесі.

1946 жылы Алматыда 25 сәуір күні дүниеге келген. Қазақ халқына бірнеше рет тіл тигізгеннен кейін Қазақстан прокуратурасы оны елімізде сенімсіз тұлға деп атап кеткен.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz