newstaraz.kz

 
 

Шаханов: Шұ­рай­лы жерлердi билiк басындағылардың iнiлерi, қыздары жекешелендiрiп алған


pogudx48js53l7rf8.d2c22b3c
  30.07.2016 NewsTaraz.kz.

Ақын Мұхтар Шахановтың айтуынша, миллиондаған гектар жер иеленушiлер туралы шындық ашылмай, жер проблемасы шешiлмейдi деп хабарлайды Жас Алаш басылымы.

«Өткен жиындарда бiз санаулы ғана адам «Жер шетелге сатылмасын, жал­ға да берiлмесiн және өз адамдарымызға да сатылмасын, оларға жалға беруге ғана болады» – деген пiкiрге табан тiре­дiк. Бұл пiкiрден бiздi ешкiм трактормен сүйреп шығара алмайды. Өйткенi жердiң шетелге жалға берiлуi және өз қалталыларымызға сатылуы – болашақта Қазақстан мемлекетiнiң ыдырауына, қазақ ұлтының жойылуына кең жол ашады.

Ұлттық экономика ми­нистрлiгiнiң Құрылыс, тұр­ғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстары басқару комитетi басқармасы бастығының 2016 жылдың 4 мамырындағы сөзi мынау:

«Қазақстан жерiнiң жалпы аумағы – 272 миллион гектар. Оның iшiн­де ауыл шаруашылығына пайдаланып жүрген жер – 100 миллион гектар, бос жатқан босалқы жер – 100 миллион гектар. Жер 2003 жылдан берi сатылуда. Сол жылғы жер кодексi қабылданғаннан берi жердiң 3 миллион гектары жеке мен­шiкке сатылған. 65 мың гектар жер шетел­дiк­­терге жалға берiлген. Шамамен 1,7 миллион гектар жер алғашқы сатылуға дайындалып жатыр».

Ендi Мұхамедкәрiм Қа­жырбайұлының мәлiметiне тоқталалық: «Елiмiздiң барлық көрiктi жерлерi әлдеқашан сатылып кеткен. Бәрiнiң сырты шарбақпен қоршалған. Iшiне мүлдем кiргiзбейдi. Кiр­гiзетiндерi әкесiнiң құнын сұрайды. Мысалы, Көк­шетаудағы «Бурабай», Шымкент қаласы маңындағы «Машат» шатқалы Маңғыстаудағы «Ақмыш» пен «Талшалы»…

Ал өз рухтасымыз Дос Көшiм былай дейдi: «Бiз қазiр Қапшағайдың жағасына барып суға түсе алмай қалдық, балық аулай алмай қалдық. Алакөл, Балқаш бәрi солай. Бө­генбай, Қабанбайлар тi­рiлiп келсе, бетiн де жуа алмайды Қапшағайдан, өзiнiң қорғаған жерiнен. Мiне, 2003 жылы жер жекеменшiкке енiп, халықтың көрген күнi осы».

Қызылорда облысында Жер реформасы бойынша өткен қоғамдық комиссияның отырысында журналист Жанарбек Әшiмжан iрi жер иеленушiлер туралы ақпаратты ашық түрде жариялау мәселесiн көтердi: «Райымбек ауданының өзiнде барлық жердi төрт-ақ адам бөлiп ал­ған. Ел қыстаудан жайлауға көше алмайды. Жолға дейiн меншiктеп алған».

Мен осыдан 12 жылдай уақыт бұрын Республика парламентiнде Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар ауданындағы жердiң едәуiр бөлiгi арабтарға жалға бе­рiлгенiн, олардың ол жердi түгелдей қоршап алғанын мәлiмдеген болатынмын. Ал, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылының табиғаты әсем жерлерiн бiр қалталы адам жекешелендiрiп алыпты да, оның үлкен бөлiгiн арабтар­ға 49 жылға жалға берiптi.

Жер комиссиясының мү­шесi Жанұзақ Әкiмнiң пiкi­рiне жүгiнелiк. «1994 жылы Қазақстанның 10 миллион гектардай жерiн Ресей әскери полигоны ретiнде 80 жылға жалға алды. Ол полигондардың аймағында онкологиялық аурулардың деңгейi орташа статистикалық деңгейден 10-12 есе, ана мен бала өлiмi 2-3 есе жоғары. Қазақстанның iшiнде Ресейдiң полигондары мен әскерiнiң болуы – ол аннексияның бiр түрi. Елдегi қоғамдық ұйымдар мен зиялы қа­уым өкiлдерi БҰҰ Қауiп­сiздiк кеңесiнiң алдында Ресейдiң Қазақстандағы әскери полигонын жа­уып, ондағы әскердi елден шығару мәселесiн қойды».

Тағы бiр маңызды мәселе: “Жер туралы шындықты айтқан Макс Боқаев пен Талғат Аянды түрмеден босатуды талап етемiз”!

Жуырда: «Жердiң iрi иеленушiлерi туралы ақ­парат, мемлекеттiк құпия­лар қатарына жатады, яғни ол жайлы арнайы заң бар. Жердiң иесi жайлы ақпаратты меншiк иесiнiң келiсiмi бойынша ғана жариялауға болады» – деген пiкiр айтылды.

Елiмiздiң үлкен қалталылары, үлкен ұрылары өздерi­нiң жағдайларын жақсы қарастырған екен. Ондай әдiлдiк абыройынан жұрдай заңды бәрiмiз бiрлесiп «о дүниеге аттандыруымыз» керек.

Мәселен, барлық таулардың етектерiндегi шұ­рай­лы жерлердi үлкен билiк басындағылардың жақын туыстары, iнiлерi, қыздары жекешелендiрiп алған. Егер ол мәлiметтер жарияланса, миллион гектар жер иеленген Терещенконың өзi далада қалуы мүмкiн. Бұл саладағы шындық ашылмай, елiмiздi үлкен қауiпке бөлеген жер проблемасының шешiлуi мүмкiн емес», — дейді Шаханов.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz