newstaraz.kz

 
 

ШҚО-на алдағы 3 жылда 200 млрд. теңге шетел инвестициясын тарту жоспарлануда


2016022614523899359_5555555
  26.02.2016 NewsTaraz.kz.

Д.Ахметов: «Біздің басты мақсатымыз – бюджет қаражатын үнемдеп, концессиялық жобаларды мемлекеттік-жеке меншік және халықаралық қаржы институттарынан инвестиция тарту арқылы жүзеге асыру»

 

 

ШҚО 2015 жылдың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша 100 %-дық межеге жетті. Бұған қарамастан, облыс басшылығы алдағы уақытта да жұмысты одан әрі жалғастыруды көздеп отыр. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz, ШҚО ақпарат орталығының берген мәліметіне сүйеніп.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 109%-ға, бөлшек тауар айналымы 105%-ға, меншікті кірістер 105,5%-ға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 100,6%-ға өссе, негізгі капиталға инвестицияның көлемі 119%-ға дейін жоғарылады.

2015 жылы инвестиция тарту екі бағытта жүргізілді. Ол – мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және халықаралық қаржы институттарымен байланыс орнатып, қаражат тарту арқылы.

«Біздің басты мақсатымыз – бюджет қаражатын үнемдеп, концессиялық жобаларды мемлекеттік-жеке меншік және халықаралық қаржы институттарынан инвестиция тарту арқылы жүзеге асыру», — деді аймақ басшысы Даниал Ахметов өз баяндамасында.

2015 жылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 28 балабақша қолданысқа берілді. Сонымен қатар елімізде алғашқы болып облыста концессиялық келісім негізінде 11 балабақша құрылысы басталды. Сондай-ақ, Өскемен қаласында көп салалы және Семей қаласында балалар ауруханасының құрылысына байқау жарияланды.

Биылғы жылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Өскеменде Ертіс өзені арқылы өтетін және Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылыстарына байқау жариялау жоспарланып отыр.

Бұған қоса Еуропалық қайта құру және даму банкімен инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша 5 маңызды жоба бойынша жұмыс басталды. 2015 жылдың желтоқсан айында Семей қаласының инженерлік инфрақұрылымы бойынша 11 млрд. теңгені құрайтын екі келісімге қол қойылды.

Еуропалық даму және қайта құру банкіне 154 млрд. теңгені құрайтын 124 жоба қарастырылуға жіберілді.

Облыс әкімінің айтуынша, алдағы 3 жылда 200 млрд. теңге шетел инвестициясын тарту міндеті тұр.

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz