newstaraz.kz

 
 

Сапарбаевтан “ағалап” көмек сұраған бала көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)


  19.04.2017 NewsTaraz.kz.

Әкімнен көмек сұрап тұрған балақай. Скриншот видеодан алынды

Ақтөбеде үйлері су астында қалған Махамбетовка мен Вохр аудандарының тұрғындары қаладағы №40 мектепке орналастырылған. Облыс әкімі мектептегі халықтың жағдайын білуге барған кезде алдынан жүгіріп шыққан бала «ағалап» көмек сұрады деп хабарлайды Аktobenews.

«Аға, аға қараңызшы… Су табиғаттың апаты. Бірақ, қашанғы саяжайға су келе береді? Қашанға дейін біз осылай жүре береміз?», — деді мектеп жасындағы Мақсат Баймаханов.

Мақсат анасымен Қисықкөлдің бойында тұратынын айтты. Үйін су басып, қаңғып жүргенін айтқан балаға облыс әкімі басу айтты.

«Дұрыс, дұрыс түсінемін, білемін. Қазір осы жұмыспен айналысып жатырмыз. Оны бірден шешуге болмайды. Саяжайдың мәселесі кеше болған жағдай емес. 30-40 жылдан бері қалыптасқан. Иіс, басқасы бар. Біз онымен айналысып жатырмыз», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

(Просмотры 3 , 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


 
 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

   
NewsTaraz

NewsTaraz