newstaraz.kz

 
 

«Самұрық-Қазына» еліміздегі жер мәселесін қауіп-қатердің бірі ретінде атап өтті


pogudx7r3pjdffhud.c2c37ecf
  23.05.2016 NewsTaraz.kz.

Бүгін «Самұрық — Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев қор құрамына кіретін компаниялардың директорлар кеңестерінің мүшелерімен кездесті. Аталған шара барысында тәуелсіз директор Ричард Эванс Қазақстандағы жер мәселесін қауіп-қатерлердің бірі ретінде атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

Шара аясында журналистерге сұхбат берген «Самұрық-Қазына» АҚ қаржы және операциялар жөніндегі бас директор Елена Бахмұтова осы мәселеге қатысты былай деп түсініктеме берді: «Негізі, біз үшін социумда болып жатқан жағдайлардың бәрі маңызды. Сол себепті қоғамды белгілі мәселелер алаңдаса, біз, «Самұрық-Қазына» қоры, сол мәселелерге қалайша әсер ете алатынымызды немесе оған сәйкес қалайша жұмыс істеу керектігін түсінуіміз қажет. Енді, ауыл шаруашылығымен айналыспағаннан кейін ол мәселеге (жер мәселесі – авт.) қоғамның бір бөлігі ретінде пікір білдіре алатын шығармыз», — деді ол.

Саясаттанушы Дос Көшім «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің жерге қатысты алаңдаушылығы жайдан-жай емес екенін алға тартып отыр.

«Самұрық-Қазына» мемлекет ішіндегі мемлекет сияқты үлкен корпорация ғой. Сондықтан қоғамда болып жатқан өзгерістер мен проблемалар «Самұрық-Қазынаға» да тиеді. Жер мәселесі де оларға тиеді. Әрине, ауыл шаруашылығының оларға қатысы жоқ. Дегенмен, қоғамдағы тұрақсыздық кез келген бизнеске, кез келген экономикалық реформаларға әсер етеді. Меніңше, олар бұның (қазіргі жерге қатысты талқылаулар – авт.) аяқ жағы бүкіл қоғамдық деңгейде өзгеріс алып келе ме деп алаңдайды», — деді саясаттанушы.

Оның ойынша, бүгінде Қазақстанның мұнай-газ саласында істеп жатқан шетелдік компаниялар жер мәселесіне қатысты қандай да бір әлеуметтік кикілжіңдер туындай ма деп қорқуы әбден мүмкін. Бұдан бөлек, олар жерді жалға алып отырғаннан кейін қазіргі жер реформасының бизнеске қалайша әсер ететінін білмей отыр.

«Негізі, жер кодексіне қатысты біз тек төрт норманы ғана қарамайды екенбіз. Өткен жолы мен комиссияның отырысында біз осы төрт норманы қараймыз ба, жоқ әлде, жер кодексін толық қараймыз ба де, сұрақ қойғанмын. Сол кезде Бақытжан Сағынтаев (жер реформасы бойынша қоғамдық комиссияның төрағасы – авт.) толық қараймыз деді. Демек, осы уақытқа дейін жердің берілуі, кейде заңсыз, кейде жемқорлық арқылы кетуі тағы басқаның барлығы қайтадан шығарылады, қайтадан тексеріледі. Сол уақытта жерді уақытша алып отырғандарға да, жердің астын пайдаланып отырғандарға да осы мәселенің бір шеті тиюі әбден мүмкін. Себебі 2003 жылы жерді жеке меншікке беру болған уақыттарда көптеген заңсыздықтар болды деп ойлаймын. Ол кезде соны бақылайтындай қоғам да болған жоқ. Сөйтіп, осының барлығы қайтадан шығуы әбден мүмкін. Ол әңгіме болуы мүмкін. Оны қайта қарау мәселесі әңгіме болуы мүмкін. Олар қанша пайда түсіріп жатыр деген сияқты бір нәрседен бір нәрсе туындай береді ғой. Сондықтан жер мәселесі ертең шетелдік кәсіпорындарға, инвесторларға тиюі әбден мүмкін. Олар ол жерді қалай алды, тендер қалай өтті деген сияқты. Меніңше, «Самұрық-Қазынаның» алаңдаушылығы соған байланысты болуы керек», — деді Дос Көшім.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz