newstaraz.kz

 
 

Ресейлік министр панфиловшылардың ерлігіне сенбейтіндерді «сұмырайлар» деп атады


pogudx2e1aeqcr1s7.473e371a
  06.10.2016 NewsTaraz.kz.
Владимир Мединский. Фото: ras.kz

Ресейдің мәдениет министрі Владимир Мединский Мәскеу түбіндегі шайқаста теңдессіз ерлік көрсеткен 28 панфиловшылар жөніндегі тарихты жоққа шығарушыларды «әбден тынған сұмырайлар» деп атады.

Бұл туралы ТАСС ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Мединский өз сөзінде тіпті іс жүзінде осыған пара-пар келетін қиян-кескі ұрыс болмаған күннің өзінде, ол туралы ойдан шығарылған әңгімелердің «қасиетті аңыз» болып қала беретінін айтты.

«Мен егер осы оқиғаның басынан аяғына дейін ойдан құрастырылған нәрселер болған күннің өзінде де, тіпті, онда Панфиловтың өзі болмаған болса да, бұл аңыздың бәрібір ешкімге тиісіп, қорлауға жол берілмейтін қасиетті оқиға екеніне имандай сенемін. Ал осыны қопсытып, қайта-қайта бұрқыратып жүрген адамдардың өздері – әбден тынған сұмырайлар», – деді ол.

Министр панфиловшылар жөніндегі аңызға бергісіз оқиғаларды талқылап, ортаға салу идеясының өзін «арсыздық» деп есептейді.

КСРО-ның ресми болжамына сәйкес, 1941 жылдың 16 қарашасында генерал Иван Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясының 28 жауынгері 4 сағаттың ішінде немістердің 18 танкісін жойып жібереді. 1948 жылы прокуратура бұл ерліктің журналистер ойдан құрастырған аңыз екенін анықтайды. Алайда, ол бұл жайындағы тұжырымды жариялауға жатпайды деп есептеп, істі тоқтатып тастайды.

Арада 40 жыл өткеннен кейін КСРО-ның бас әскери прокуроры Александр Катусев аталмыш ерлік жөніндегі мәліметтің асыра көрсетілгенін мойындайды. Дегенмен, бірқатар тарихшылар қазір 1948 жылы прокуратураның дәл сондай тексеру жүргізгенінің өзіне үлкен күмән келтіріп отыр.

(просмотры 2 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz