newstaraz.kz

 
 

Рамзан Қадыровтың кеңесшісі болған қазақ жігіті анасынан қалай таяқ жегенін айтып берді


pogudx3js2d2lnodu.82e145a0
  10.03.2016 NewsTaraz.kz.

Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың кеңесшісі Аян Жұмашев өзінің ардақты адамы туралы ешкімге айтпаған құпияларымен бөлісті.

Зейнеттегі подполковник анасының қатал тәрбиесінің арқасында мақсатты түрде жұмыс жасауды үйренгенін айтқан Аян балалық кездегі қызықтарын NUR.KZ порталымен бөлісті.

Рамзан Қадыровтың кеңесшісі болған қазақ жігіті анасынан қалай таяқ жегенін айтып берді

«Менің ата-анам өмірін құқық қорғау саласына арнаған адамдар. Анам зейнеттегі подполковник. Әкем екеуі алғашқы қызметтерін учаскелік полиция қызметінен бастады. Әкем зейнеттегі полковник. Туған жерім Ақтөбе облысы саналады, анам Алға ауданының Тоқмансай ауылында, әкем Ойыл ауданының Талдысай жерінде туған. Олар кейін Ақтауға көшіп барып, сол жақта еңбек еткен. Қызметін учаскелік полициядан бастаған анам,  қылмыстық бөлімде, жедел жасақ құрамында да жұмыс істеді. Содан болар бізді қатты тәрбиеде ұстайтын еді», — дейді Аян Жұмашев.

Қазір өзге елде білдей қызметте жүрген қазақ жігіті бала кезінде анасынан қалай таяқ жейтінін айтып берді.

«Анам бар өмірін бізге арнады, балаларының жақсы білім алуына қатты көңіл бөлетін. Сабақ оқи алмай, одан талай таяқ жегенім есімде. Оның қолында кесілген шланга болатын, арнайы мені ұруға арналған. (күліп) Онымен орап алып жинап та, жіберіп те ұратын. Ол өте ұзын емес, бірақ мен қашсам  қандай қашықтықтан болсын маған оңбай тигізетін», — дейді ол.

Рамзан Қадыровтың кеңесшісі болған қазақ жігіті анасынан қалай таяқ жегенін айтып берді

Ол әсіресе, сабақ оқи алмаған кезде көп таяқтың тигенін айтады.

«Менде проблема болды. Оқимын да,оқыған мәтіннен түсінгенімді айта алмайтын едім. Сонда мамам маған:  «Мазмұнын айта алмасаң жатта!», — деп үлкен мәтіндерді жаттаттырып қоятын. Сабаққа келгенде мұғалімдер маған күлетін. Тақтаға шығарып «Бүгін қай сөзді ұмытып кетеді екенсің» деп мәтінді сөзбе сөз тексеріп отырады. Бірде сабаққа баруға екі-үш сағат қалғанда анам сабаққа дайындалмағанымды біліп қалды. «Жатта!» деп жанына отырғызып қойды. Әлі есімде мамамның аяғының астында «Лукоморья дук зеленный…» деп жылап отырдым. Таяқ жеп, жылап отырып жаттап алдым. Өзі теледидардан «Просто Мария» телехикаясын қарап отырды», — дейді Аян балалық кездегі қызықтарын есіне алып.

Анасын жақсы көретінін айтқан Аян оның қатты талап қойғыш адам екенін айтуды да ұмытқан жоқ.

«Ол «мен білмеймін» деген сөзді түсінбейтін еді. Бір күні «математикадан «үш алдым» деп келдім. Ол «қалай үш?» деп шошып кетті. Анама сабақтың бәрі тек «бес» болу керек. Ертеңіне жұмыстан келіп, мені математикалық классқа беретінін айтты. Мен математикадан ештеңені түсінбейтінімді айтып жылағаныма қарамастан «сенде бес болу керек» деп математикаға берді. «Егер сен бірдеңені білмейтін болсаң маған не үшін керексің, мен не үшін жүрмін?» дейтін. Қай кезде болсын,  нені білмеймін дейсің, сол саланы тереңдетіп үйрететін жерге береді. Бәрі сен үшін деген сайын жылайтынмын. Ол мені барлық кезде қолдады», — деді Аян Жұмашев.

Рамзан Қадыровтың кеңесшісі болған қазақ жігіті анасынан қалай таяқ жегенін айтып берді

Аян отбасында үшінші бала, екі ағасы, бір қарындасы бар. Ол бала кезінде анасының ашуынан әкесінің үнемі араша болатынын айтады.

«Мені әкем көп еркелететін еді. «Мектепке де бармай-ақ қой, өзімнің мектебімде оқисың» деп қасында жүргізетін. Мен мәзбін, үнемі оның артында форма киіп жүгіріп жүремін. Бірде анам өзіндегі подполковниктің погонын менің көйлегіме тағып берді.  Ол кезде 5-6 жастағы кішкентай баламын, подполковниктің погонымен секіріп жүрдім. Әкеп көріп қалып, қатты ашуланды.  «Біз мына жұлдыздарды еңбегімізді төгіп алдық. Мына жерде капитан киіміндегі үлкен кісілер жүр. Ал, бұл подполковниктің погонын тағып секіріп жүр», — деп ұрысты. Мамам сол кезде: «Ол погонды мен сыйладым. Ол менің еңбегім үшін берілген жұлдыздар. Ол мен үшін таға берсін» дегені бар. Бірақ олар мәдениеттілік үшін менен погонды алып тастады», — деген ол балалығын еске алып біраз күлді.

«Біз ата-анамыздан қорқатын едік. Компьютерге тек 9 класстан бастап отырдым. Олар бізге интернет қосып берген жоқ, 54 томдық энциклопедия алып берді. «Керегіңді осыдан ізде, мұнда тек аздап тер төгуіңе тура келеді, бірақ бәрін табасың» дегендері есімде. Біз бәрін кітаптан оқыдық, баяндама жазғанда әрбір әріпті ақтарып, қолмен көшіріп отыратын едік», — деген Аян бар жетістігін анасына арнайтынын айтады.

«Мен үшін анам барлық әлем. Мен оны бәрінен бөлек қоямын. Мен барлық жетістігімді анама арнаймын. Ол қазір қартайып барады, аздап ауырыңқырап жүр. Мен ол үшін қатты қайғырамын. Анамның алдында қарыздармын. Ер адам тек анасы туралы айтқанда ғана жылай алады. Ер адамның жүрегін басқа ештеңе жаншымайды», — деді Аян даусының дірілін жасырып.

Шешен басшысының қазақстандық кеңесшісі болып жасайтын Аян Жұмашев қазақ әйелдерін көктем мерекесімен құттықтады.

 


 

(просмотры 5 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz