newstaraz.kz

 
 

Павлодарлық оқушы мейрамхана басшылығынан электронды ас мәзірін жасауға ұсыныс алды


2016031815251688698_img-20160317
  18.03.2016 NewsTaraz.kz.

Android платформасына арналған мобильдік бағдарлама арқылы электронды ас мәзірінде тағамның түрі, суреті, бағасы, құрамы көрсетіледі.

 

 

Павлодарда дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 8-сынып оқушысы Шыңғыс Рахад жуырда ғана ашылған «Сұлтан Сүлейман» мейрамханасына электронды әс мәзірін жасау туралы ұсыныс алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы білім беру ордасының информатика пәні мұғалімі Ерхан Міндетбай мәлім етті. — Қазіргі таңда Шыңғыс мейрамханаға арнап Android платформасында жасалған мобильдік ас мәзірі бағдарламасын дайындай бастады. Мұндай ұсынысты тамақтану орнының иесі Расуль Өзтүрік жасап отыр. Тағамдарға қатысты мәліметтер қолға түскен соң, жоба екі аптадан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін. Ең бастысы, «E-menu» қызмет көрсету сапасын жақсартып, тапсырыс беруді жеңілдете түседі, — дейді Е. Міндетбай.

Аталмыш жобаға жетекшілік жасап жүрген ұстаздың айтуынша, дәстүрлі қағаз ас мәзірін планшетке ауыстырудың пайдасы зор. Android платформасына арналған мобильдік бағдарлама арқылы электронды ас мәзірінде тағамның түрі, суреті, бағасы, құрамы көрсетіледі.

Еске сала кетейік, дарынды ер балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицейі информатика пәнінің мұғалімі Ерхан Міндетбай мен 11-сынып оқушылары Ғалымбек Әбішев, Марат Абылқайыров сегіз жастағы Саша Соколовқа 3D принтерінде шығарылған қолдың протезін табыс еткен болатын.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:pavlodarnews.kz

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz