newstaraz.kz

 
 

Павлодар облысында биыл су тасқынының қарқыны қатты болады


2016022610040462759_f65ee4b3a4a13e31f872ad0a14d520c0
  26.02.2016 NewsTaraz.kz.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының басшысы Нұрлан Нәбиев облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген жиында Баянауыл ауданын биылғы жылы да су басуы мүмкін екенін мәлім етті.

 

 

Павлодар облысының әкімдігі мен ТЖ қызметі былтырғы жылмен салыстырғанда қарқынды болатын су тасқынына дайындықты күшейте түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының басшысы Нұрлан Нәбиев облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген жиында Баянауыл ауданын биылғы жылы да су басуы мүмкін екенін мәлім етті.

Ақпан айында ауа райы қолайлы болмақ. Алдын ала болжам бойынша наурыз айында температура -6-9 градусқа төмендейді деп күтілуде. Түнде термометр көрсеткіші — 20 градусқа дейін нөлден төмен түсуі мүмкін. Алайда күндіз күн жылы болады. Нақтырақ айтсақ, түнде топырақ қатып, күндіз еріп кетеді. Сондықтан шамадан тыс қар түскен Баянауыл ауданына қауіп төніп тұр. Норма бойынша қардың қалыңдығы 59 мм болса, мұнда 88 мм-ге жеткен. Сондай-ақ нормадан артық 160-170% қар жиналып қалған Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларынан қауіп сезіледі. Осыған байланысты ауқымды мөлшерде су жіберу жоспарланып отыр, — деді Н. Нәбиев.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, су басуы ықтимал ауылдардың әкімдеріне қазірден бастап халықты құлақтандыру қажет. Сондай-ақ тұрғындарды көшіретін арнайы ғимараттар мен малдың қырылуына жол бермеу үшін жұмыс тобын құру керек.

Жылдағы дәстүр бойынша Баянауыл ауданының Шолақсор, Теңдік, Бірлік, Қараащы ауылдары мен Ертіс бойында орналасқан Лебяжі аудандарының Аққу, Жамбыл, Широкое ауылдары, Ақтоғай ауданының бірқатар ауылдары және Павлодар ауданының Мичурино, Госплемстанция ауылдары, Павлодар қаласының жанында орналасқан Кенжекөл ауылы мен Ленин кенті қауіп төнген аймақтарға жатады. Сондай-ақ Ертіс өзенінің бойында орналасқан басқа да аудандар дайын болуы тиіс, — деді облыс әкімі.

Омар Еркін

Фото:www.express-k.kz

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz