newstaraz.kz

 
 

Отандық жазушы: «Қатын» мен «әйелдің» айырмашылығы неде?


pogudx1b6sur7c2o7g.4a45eb0e
  10.07.2016 NewsTaraz.kz.
Тұрсын Жұртбай . Фото: kazakh.people.com.cn

Жазушы Тұрсын Жұртбай кейбір адамдардың құлағына үрпідей тиіп, жағымсыз естілетін «қатын» ұғымы мен «әйел» ұғымының айырмашылығы неде екенін ажыратып берді деп жазады Қазақ үні басылымы.

Жазушы сөз басында «қатын» ұғымы бірден қайдан шыққанына түсініктеме береді.

«Қатын — қазіргі қазақ тілінде архаизмге айналған ұғым, ол әуелгі заңдық құқы мен мағынасы бойынша — дәрежелік атау. Отағасынан кейінгі заңды билік иесі, жерге мұрагерлік ететін, мүлік пен малдың еншілесі, сыбаға басы. Қазақ қоғамындағы қатындар — иерархиялық (әулеттік) орнына қарай: бәйбіше, тоқал, құдағи, құдаша, келін, қыз, абысын, ажын, жеңге, сондай-ақ өзі теңдес еркектермен тең құқықта — нағашы, жиен, бөле ретінде әрқайсысы өз орнына қарай билікке араласып, енші алып, тиісті сыбағасын бөліскен. Тіпті күңнің де мұрагерлік құқы болған», — деген жазушы «әйел» ұғымына да түсінік береді.

«Ал бүгінгі әдеби тіл айналымындағы әйел ұғымының араб тіліндегі мағынасы — күңсі, яғни күңнен де төмен, бас еркі жоқ, өлсе — құнсыз, еңбегіне жалақы төленбейтін, туған баласы да есепке алынбайтын басыбайлы үй салмасы. Кеңестік теңгерме саясат тұсында сауаты төмен ортадан төмен, тәрбие мен әдеп сіңбеген белсенді қазақ әйелдері: «біз меншік иесі — қатын емеспіз, мал-мүліксізбіз, басыбайлы крестьянкалар сияқты біз де әйелдерміз» деп таптық астар беріп, 1927 жылдан бастап шыққан журналдың атын «Әйел теңдігі» (кейінгі «Қазақстан әйелдері») деп атады. Содан бастап «әйел» ұғымы жазба әдеби тілдік термин ретінде қалыптасып қалды. Ал өзбек, түрікмен, қырғыз, татар, ноғай, қарақалпақтар «әйел» терминінен саналы түрде бас тартты», — дейді автор.

Жазушы мағынасы тepic түсінік беретін ұғымдар әр тілде кездесетінін айтып, оларды жатсынбай қабылдауды ұсынады.

«Біз, негізгі әфсана арқауының мақсатына сәйкес, олардың тақ билігіне иелік ететін заңды құқын, билік аясын, мұрагерлік еншісін анықтайтын дәрежелік мағына беретін «қатын» атауын қолдандық. Әйтпесе, олардың «қатындық» рухын әйелге дейін төмендетсек, онда империяның тұтқасын ұстаған, құрылтайдың шешімі арқылы «қатын» (императрица) дәрежесі берілген Теркен қатынды, Өгіл-қаймыш қатынды, Сорқақ қатынды, Шәби қатынды, Мандухай қатынды, Тайдулла қатынды «күң» есебінде кемсіткен сияқты көрінер едік. Мұндай мағынасы тepic түсінік беретін ұғымдар әр тілде кездеседі. Сондай-ақ, осы әфсанада кездесетін «алтын ұрық», «кекті жатыр», «кекті қатындар», «ұлы жесірлер», «күндестер» т.б. тырнақшаға aлынғaн сездердің  тертарихимин екенін ескертіп, жатсынбай қабылдауды өтінеміз», — дейді Тұрсын Жұртбай.

Сонымен қатар автор бұл сөздері сенімді шығуы үшін орыс ғалымдарының еңбектерінен де мысал келтіреді.

«Хатун — титул представительницы ханского рода. Им обладали даже те дочери ханов, которые состояли в браке с представителями менее знатных семейств. Супруги ханов из числа дочерей беков не имели права на этот титул и назывались обычно уджин (фуджин) или беки (бегім — Т.Ж.), впрочем, в летописной традиций их также могли называть хатун, несколько повышая их статус», — деген орыс ғалымдары Р.Ю. Почекаев пен И.Н. Почекаеваның пікірін түпнұсқа бойынша келтіруді орынды санадық деп сөзін түйіндейді Тұрсын Жұртбай.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz