newstaraz.kz

 
 

Отандық блогер қазақ қыздарының қолжетімді болып кеткеніне күйінді


pogudx2d03iu7478pg.20284893
  06.10.2016 NewsTaraz.kz.
Көрнекі сурет. Фото: oldtime.com

Facebook әлеуметтік желісінде Бекжан есімді блогердің жазбасы қолданушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Блогер қоғамдағы қазақ қыздарына қатысты айтылған ащы шындықты бөліскен.

Бұл туралы блогердің жазбасын жариялаған Халық сөзі газетіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Қазақтың қыздарына қол жеткізу неге оңай?» деген жазбаны көптеген қолданушылар ұнатып, пікір қалдырған.

«Сарыарқа» қонақүйіндегі  кафелердің бірінде достарымызбен отырғанбыз. Қарсы алдымызда екі қазақ қызы мен екі түрік жігіті отырды. Біз үшін мұндай көрініс үйреншікті жағдайға айналған. Өз басым кімнің кіммен кездесіп жүргеніне таң қалмаймын, өздерінің өмірі ғой. Алайда, түрік жігіттері бізге әдейілеп қарап, қыздардың ұятты жерлерін ұстап қояды. Екі қыз да қып-қысқа юбкада болған. Алғашында оларды ақшаға қызмет ететін қыздар деп ойладым. Бірақ кейін даяшылар қыздардың түрік компаниясында жұмыс істейтінін айтты. Қыздар 25-27 жаста, ал ер адамдар 35-40-ты алқымдаған», — деп жазады автор.

Автор осындай көріністі көп байқап жүргеніне қынжылған.

«Менің Астанада тұрып келе жатқаныма 5 жылдан астам уақыт болды. Мұндай көріністерді жиі байқаймын. Біздің қазақтың қыздары өздерін жеңіл жүрісті қыздар секілді ұстайтын сияқты. Әсіресе, сауда орталықтары, фитнес-залдар мен түнгі клубтарда. Өзіне деген құрмет те, намыс та жоқ», — дейді блогер.

«Қазақ қыздарының қазақ жігіттеріне көңілі толмайды. Пәтерің, көлігің, жағдайың болмаса ешкім емессің. Мүмкін, мен тым әсірелеп жатқан шығармын. Барлық қыздарға топырақ шашпаймын. Әйткенмен, бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Бұл біздің қоғамымыздағы үлкен проблема», — деп аяқтады автор өз сөзін.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz