newstaraz.kz

 
 

Отандық БАҚ 8-наурыздан «Жезөкшелер күні» ретінде бас тартуды ұсынды


pogudx6r7m0utnvru.51e703a0
  29.02.2016 NewsTaraz.kz.

Отандық Абай.кз басылымы 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін «Жезөкшелер күні» деп атап, мерекені атап өтуден түбегейлі бас тартқан жөн деген мақала жариялады.

Халықаралық әйелдер мерекесінің тарихына тоқталған автор Тоғайбай Нұрмұратұлы бұл күннің шығу төркіні жайлы: «Кеңестік қандыбалақ коммунистер құрған террорлық мемлекет өз қылмыстарын жасыру үшін өтірік тарих, өтірік мәдениет, өтірік адамдық қасиеттерді ойлап шығарды. Бұлардың ұлт болмысы, адамдық қасиеттен жұрдай ететін ғылыми тұжырымдамалары әлі күнге күшінде келеді», — деп жазады.abai.kz

«ХIХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Еуропада Клара Цеткин мен Роза Люксембург деген әйелдер жезөкшелерді қорғап, «олардың да адамдар сияқты мемлекеттен көмек алуға, сайлануға, сайлауға қатысуына, заңды құжатталуына құқы бар» деп, жезөкшелерді ұрып-соғып, қуып таратылған «8 наурыз» күнін «жұмысшы» әйелдердің «теңдік үшін күрес» күні ретінде атап өту үшін, көше жезөкшелерін жыл сайын қайта-қайта митингіге алып шыққан», — деп 8-наурыз атап өту дәстүрі қалай енгенін баяндайды.

«Бірақ «8 наурызы» аяулы да асыл аналарымыздың арын кірлеп, әлі мейрам болып келеді. «8 наурыз» туралы жалған тарихтың санамызға сіңіп кеткені соншалық кез-келген әйелге: «Бұл мереке ешқашан «халықаралық» болған емес, өйткені «жезөкшелер күні» екенін білетін шетелдіктер оның «әйелдер мейрамы» екенін мойындамайды. Оқиға болған Дания елі мұндай «мерекені» естімеген де. Тек «тексіз коммунистер» билеген Кеңес Одағында ғана тойланады» десең «өтірік» деп бетіңе баж ете қалады. Өтірік пен жалған қоғамда өмір сүрген жандардың шынайы шындықты қабылдауы екіталай екен, деп жалғасытрады автор. — Мен анамды жылдың 364 күнінде құттықтауға бармын, тек 8 наурызда емес. Өйткені жезөкшелердің бой көтеруінен туындаған «мереке» неге асыл да адал аяулы аналарымызға таңылуы керек?».

Сөз соңында автор «Асыл аналарымызды сыйлайтынымыз рас болса, көп ұзатпай ел болып «аналар мерекесін» басқа күнге ауыстыруымыз керек» деген ұсынысын тастайды.

Айта кетсек, мақаланың астында пікір қалдырған оқырмандардың кейбірі автормен келісіп жатса, кейбірі авторды мәселені үстіртін қарастырып, әлі де болса бірақ оқу керектігін алға тартқан.

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz