newstaraz.kz

 
 

Олигарх Талғат Байтазиев Молдова азаматына қарумен қоқан-лоққы жасаған (видео)


pogudx2100gbo89iug.60e42715
  13.03.2016 NewsTaraz.kz.

Қазақстандық миллионер Талғат Байтазиевтің басы дауға қалды.

Молдова азаматы әрі «Тирасполь»кәсіпорнының бас директоры Юраш Владимир Ильич Байтазиевтен жәбір көргенін айтып, Тергеу комитетіне арызданды деп хабарлайды NUR.KZ порталы ТСВ арнасына сілтеме жасап.

«Иә оның қолында қару болды. Мен бетіме қару кезегенде есеңгіреп қалдым. Тура бір 90-шы жылдарға түскендей болдым», — деп сұхбат берді Юраш ТСВ арнасына.

Барлық әңгіме Байтазиветің Молдовадағы кәсіпорынға басшы болып сайлануынан басталған. Кейбірі Молдова президенті Евгений Шевчук пен Байтазиев арасында достық қарым-қатынастар бар деген сыбыс таратқан.

Олигарх Талғат Байтазиев Молдова азаматына қарумен қоқан-лоққы жасаған (видео)Фото: novostipmr.com

«Мен бұл бизнес құрылымдарды сатып алған емеспін, олар мені мезі етті. Мұнда досым бар. Бірақ ол президент емес. Мен бұл елдің азаматтығын алған емеспін. Тек Молдованың металлургиялық зауытына директор болғаным бәрін таң қалдырды», — деп ақталды ол.

Олигарх Талғат Байтазиев Молдова азаматына қарумен қоқан-лоққы жасаған (видео)Арнадан кадр

Кейін өнеркәсіп қызметкерлері жалақымыз берілмей жатыр деп шу шығарған. Содан соң Байтазиевтің кім екеніне қызығушылық танытқан «Тирасполь» кәсіпорнының бас директоры Юраш Владимир Ильич ол туралы интернеттен материал тауып, басып шығарады.

Көп ұзамай Юраштың айтуынша, оған Байтазиевтің өзі қарумен кіріп келіп, қоқан-лоққы көрсетуге кіріскен. Ол өзінен кешірім сұрауын талап етіп, тіпті бума қағазбен директордың басынан тоқпақтаған көрінеді.

«Байтазиветі қылмыстық кодекстің 116 бабы бойынша, өлтіремін деп қоқан-лоққы көрсеткені үшін жазалайды деп үміттенеміз. Бұл бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған», — дейді арызданушының адвокаты Вячеслав Брынзарь.


(просмотры 2 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz