newstaraz.kz

 
 

Оңтүстік Кореяда қазақстандық бойжеткенді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген


pogudx3km81s9cfilg.55497525
  23.05.2016 NewsTaraz.kz.

Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігі халықтан шетелге шығарда сақ болуды сұрайды. Әсіресе, жат жерден келген шақыртуды егжей-тегжейлі тексеріп, жолға шығуға кеңес береді. Әйтпесе, алаяқтардың құрбаны болуыңыз әбден мүмкін.

Бұл туралы 24 арна хабарлайды.

Сеулге сапарға шыққан бойжеткеннің басынан өткендері осыған дәлел болмақ. Сеулге 21 жастағы отандасымыз сәуір айының басында барыпты. Айтуына қарағанда, косметология бойынша бір апталық курстан өткісі келген. Алайда шақырушы тарап оны күтіп алысымен құжатын тартып алған да, қамап қойған.

Оны шақырған агенттік уақытша жұмысқа орналасуға көмектеседі екен. Ғимараттың ішіне кірсеңіз, жыныстық қатынас қызметін көрсететін орынға ұқсайды. Құрыққа түскен жерлесіміз Оңтүстік Кореядағы елшіліктің қызметіне хабар бергелі жертөледегі бөлмелер бос тұр.

«Полицейлермен бірге тұтқындау шарасы өтті. Алайда қылмыскерлер қашып үлгерді. Жапа шеккен қыздың не киімдері, не құжаты табылмады. Қазір ол Сеул полициясының куәгерлерді қорғауға арналған жасырын пәтеріне орналастырылды. Ендігі міндетіміз – тергеу амалдарынан кейін азаматшамызды отанға аман-есен қайтару», — дейді Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшісінің кеңесшісі Әсет Есенәлі.

Сеул полицейлері із суытпай үш күдіктіні ұстаған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Бұл Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматын жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген алғашқы оқиға екен. Дегенмен, кейбір отандастарымыз 30 күнге дейін визасыз жүріп-тұру режимін пайдаланып, шет мемлекеттерге заңсыз ақша табу үшін баратын көрінеді.

«Визасыз тәртіп тек ем алушылар мен туристерге және бизнес сапарларға арналған. Сондықтан компаниялар мен агенттіктердің күдікті шақыруларына бой алдырмау керек. Бұл ретте, ресми органдарға жүгінген абзал. Егер Оңтүстік Кореяда жұмыс істегіңіз келсе, бұл елдің Астанадағы елшілігіне не болмаса Алматыдағы бас консулдығына хабарласу керек», — дейді Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшісінің кеңесшісі Әсет Есенәлі.

Тараптар тәртіпсіздікке жол бермес үшін барлық ақпаратпен бөлісуге дайын. Тіпті, шақырту жіберген мекеме жайында да мәлімет бере алады. Тек барғыңыз келген елдің елшілігіне хабарлассаңыз болғаны. Оңтүстік Коряның көші-қон қызметі тәртіпті заңсыз миграциямен күресу үшін күшейткен. Сондықтан бұл мемлекеттің аумағына табан тіремей тұрып себебін түсіндірместен сізді кері қайтаруы ғажап емес.



(просмотры 2 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz