newstaraz.kz

 
 

Оңтүстік Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай келіндер байқауы өтті


2016031711304811061_80c397ed59474d305a2751a682a59123
  17.03.2016 NewsTaraz.kz.

Байқауға қатысушылар 5 кезең бойынша өзара сайысқа түсті.

 

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық салт-дәстүр нәрімен сусындаған — Бесік жыры» атты келіндер байқауы өтті. Байқауға қатысушылар 5 кезең бойынша өзара сайысқа түсті, деп хабарлайды «Қазақстан» ҰТА.

«Сымбат-көркі сынымен!» атты тақырыпта байқауға қатысушылар өздерін таныстырса, «Сәбиімді әлдилеймін әндете» атты тақырыпта бесік жырын орындады. «Ана көрген тон пішер» тақырыбында келіндер қолөнерге деген шеберліктерін байқатты. «Салт-дәстүр асыл қазынам» тақырыбында әңгіме сұрақ-жауап түрінде өрбіді. «Өнерлі — өрге жүзерде» келіндер өнерлерін ортаға салса, «Даналар мұрағаты» — мақал-мәтел жарысы тақырыбында сайысқан келіндер біліктілігі мен өнерлерін паш етті. Мерекелік байқау «Ақ босаға» әнімен ашылып, «Шашу» және «Көркем» әжелер тобы мүшелерінің ақ батасымен басталды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің 3 курс студенті Әсем Нұралиева алса, бірінші орынды Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта мектеп оқытушысы Жанар Оралбаева, ал екінші орынды банк қызметкері Динара Наханова жеңіп алды. Үшінші орын Жұлдыз Қалмұрзаеваға бұйырды.

Фото: kaztrk.kz

 


 

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz