newstaraz.kz

 
 

ОҚО әкімі қазақша сұрақ қойған журналистке орыс тілінде жауап берді


pogudxi88bere4ljg.58567593
  23.02.2016 NewsTaraz.kz.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы тақырыбында брифинг. 

Жасыратыны жоқ, Бейбіт Атамқұловтың қазақ тілінен гөрі орыс тіліне жүйріктеу екендігі бұған дейін де жазылған болатын. Қазақшаға келгенде алдындағы қағаздарына қайта-қайта қарағыштай беретін әкім обалы не керек, орысшаға келгенде қамшы салдырмайды,жазады oinet.kz.

Халық алдындағы есеп беру кезінде қазақша мен орысшаны араластырып сөйлеген Атамқұлов Астанадағы брифингте сөзінің кіріспесінде бір-екі ауыз сөз қазақша айтқан болмаса баяндамасын таза орыс тілінде жасап шықты.  Бұдан кейін кезек сұрақ жауапқа келді.

«Атамқұловқа алғашқы сұрақ қазақ тілінде қойылды. Ауыл шаруашылығы жөнінде.  Алайда бұл сұраққа өзінің еркін жауап бере алмасын түсінді ме, әйтеуір Атамқұлов «мен бәріне түсінікті болу үшін орыс тілінде жауап берейін» деп, одан әрі ресми тілде ұзақ-сонар баяндамасына тағы да кірісіп кетті. Сонда Атамқұлов үшін қазақ тілі түсініксіз тіл болғаны ма?», — деп жазады басылым.

Естеріңізде болса, елбасы жуырда ғана орыс тіліндегі сұраққа қазақ тілінде жауап берген мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан қуу керек деген болатын. Осы сөзге кейінірек түсінік берген президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев мәселе тек қазақтілділерге ғана емес,  қазақ тілінде қойылған сұраққа орыс тілінде жауап берушілерге де қатысты деп айтқан болатын.

 


 

(просмотры 2 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz