newstaraz.kz

 
 

ОҚО-да жоғалып кеткен әкімдік қызметкерін енді әкесі үйлендірмек


pogudx5uq04gn9g7o.f5126eb6
  18.05.2016 NewsTaraz.kz.
Амангелді Ақынов. Фото: korrespondent.kz

Мамырдың 11-інде жұмыстан қайтқан облыс әкімдігінің баспасөз қызметкері Амангелді Ақынов із-түссіз жоғалып, 17 мамырда Қызылордадан табылған болатын. Ол өзінің бұл әрекетінің себебін түсіндіріп берді.

Корреспондент тілшісіне сұхбат берген Ақынов өз сөзінде халықтан кешірім де сұрады.

— Амангелді, күллі ел сенің жоғалып кеткеніңді естіп, амандығыңды тілеген еді. Қызылордаға не үшін барып едің? Оқиға қалай болды?

— Достарымның қуанышын ортақтасу үшін отырысқа барып едім. Шынымды айтсам, жағдай бұлай болады деп ойламадым.

— Ал үйіндегілерге неліктен хабарласпадың? Әлде ренжісіп қалған ба едің?

— «Бойдақта ес жоқ» деген бар емес пе? Негізі ол жаққа бір күнде барып қайтамын деп ойлағанмын. Бірақ, жағдай мен ойлағандай болмады. Үш күннен соң үйдегілермен байланысқа шыққанмын. Айтып отырмын ғой, жағдай бұлай ушығып кетеді деп ойламадым. Үйдегілермен ешқандай реніш болмады. Осы жағдайдан кейін әкем үйлендіремін деп отыр. Сол кезде әйелің ешқайда шығармай отырады дейді (күліп).

— Ал жұмысыңдағылар ше? Әріптестеріңмен неге байланысқа шықпадың?

— Әрине, олардың да мен үшін алаңдағанын білемін. Тек отырыстың соңында телефонымды өткізіп, сол жақта бойдақтықпен қалып қойдым.

— Интернетте сенің жоғалып кетуіңе құмар ойындар себеп болыпты деген ақпарат шықты. Бұған не дейсің?

— Өсектерге алаңдамаймын.

— Баспасөз қызметінде еңбек ету оңай емес екенін білеміз. Шыныңды айтшы, жұмыстан шаршағандықтан осылай кетіп қалған жоқсың ба?

-Дұрыс айтасыз, баспасөз қызметі жауапкершілігі бар жұмыс. Жағдайдың бұлай ушығып кетенінін тіпті ойламадым да. Әкімдіктің атына кір келтірдім.

Негізі атам қазақта сал серілер айлап қыдырған ғой. Үйдегілерге тек үш күннен соң хабарласқаным дұрыс болмады негізі.

— Жұмыстан шаршаған уақытта бойыңды нендей істермен сергітесің?

— Шахмат ойнаймын, табиғатта серуендеймін. Тың идея, бастамалар ойлап табуды ойлаймын.

— Жұмысыңа кірістің бе?

— Енді шығамын.

— Халыққа айтарың бар шығар?..

— Халықты алаңдатып қойғаныма кешірім сұраймын. Журналист інілеріңізді ойлап, алаңдағандарыңыз үшін рахмет.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz