newstaraz.kz

 
 

ОҚО-да орта мектеп «Алтын белгі» саны бойынша рекорд қойды: Оқушылар жоғары балл жинаудың сырымен бөлісті


pogudxi480aq9olho.cfb152b0
  14.06.2016 NewsTaraz.kz.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласындағы Бауыржан Момышұлы мектебі «Алтын белгі» саны бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

70 түлектің 57-сі «Алтын белгі» үміткері болып, оның 40-ы үмітті ақтап шықты.

Аталған мектептен тек бір ғана оқушы ең төменгі 95 балл жинаған. Ұлттық бірыңғай тестілеуде 114,69 пайызға ие болған мектептің сыры неде?

Кілең үздіктерді оқыту үшін мұғалімдер қалай еңбектенді? Ал оқушылар ше? Бұл сұраққа жауапты NUR.KZ-тің аймақтағы тілшісі іздеп көрді.

Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласындағы Момышұлы мектебі қатарынан төрт жыл бойы «Алтын белгі» иегерлері саны бойынша жоғары нәтиже көрсетіп жүр.

Білім ұясын 28 жылдан бері басқарып келе жатқан директор Өмірхан Қозыбақ мұндай нәтижеге қол жеткізу талай жылдан бергі жұмыстың нәтижесі дейді.

Аталған мектепке бірінші сыныптан келген бала білім ұжымының ерекше назарына ілініп, оның тек тәлімді тәрбие алып қана қоймай, оқу озаты болуы үшін барлық жағдай қарастырылады екен.

Егер баланың оқу үлгерімі нашарлай түссе, алдымен ата-аналарымен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мән- жай анықталған соң мұғалімдер қосымша сабақ жүргізеді.

Ал он бірінші сынып оқушылары үшін талап күшейтіле түседі. Оқушылар түске дейін мектеп бағдарламасына сай білім алса, түстен кейін бір жарым сағат демалып, мектепке қайта келеді. Сөйтіп тестілеуге дайындалады.

Директор оқушылардың мектептегі қосымша дайындық сабақтары ақысыз дегенді айтты. Алайда аталған білім ұясында ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, 124 балл жинаған Шарапат Қонысбаева ай сайын қосымша дайындық үшін алты мең теңгеден бергенін айтып қалды. Және бұл соманы сынақ тапсырушы әрбір түлек жинаған екен.

«Мен қосымша пән ретінде биологияны таңдадым. Болашақта тіс дәрігері болғым келеді. Алматыдағы Асфендияров атындағы жоғары оқу орнына құжатымды тапсырмақ ниеттемін. Грантты жеңіп аламын деген сенімдемін. Ал ұлттық бірыңғай тестілеуге келсем, комиссия мүшелері дәл біздің мектепті қатты бақылады. Бір жағынан ол да дұрыс шығар. Себебі сынақ әділ өтуі тиіс. Біз ешқандай да «шпор» қолданбадық. Тек мойындаймын, «бәлкім керек болар» деп «шпорды» сынаққа алып кірдік, бірақ қолдана алмадық», — деді «Алтын белгі» иегері Шарапат Қонысбаева.

Үмітті ақтаған түлек сынаққа дейін екі апта бойы түнгі он екіге дейін мектепте дайындалғанын айтты. Ата-аналары кешкі сағат жеті-сегізде тамақ әкеліп беріпті.

Ал мектеп директоры өз сөзінде сынақ кезінде өзі басқаратын мектеп түлектеріне комиссия тарапынан қысым көрсетілгенін жасырмады.

Өзге тест тапсырушыларға қарағанда қатаң тексеріс баланың психологиясына ауыр тиді дейді.

«Жетпіс бала бітірді, елу жетісі алтын белгі. Шыққандардың барлығы жылап шықты. Комиссия қысым жасаған ғой. Айттың не, айтпадың не? «Поезд ушел», — деді мектеп директоры.

Бірақ түлек Шарапат Қонысбаева мұны жоққа шығарды. Алғашында комиссия мүшелері Момышұлы мектебінің түлектері туралы мәлімет сұрағанда, олар үнсіз отырыпты.

Сөйтіп олар бұл шешуші тестті бұған дейін тапсырып келген тексеру сынағы (пробный) ретінде қабылдағанын айтты.

Ақпарат ретінде айта кетейік, Момышұлы мектебін соңғы төрт жылда бітірген түлектердің 131-і «Алтын белгі» иегері атанған. Биыл үш түлек аппеляциялық шешімге шағым түсіріпті.

Директордың айтуынша, олардың шағымы қанағаттандырылса, мектеп көрсеткіші жоғарылайды.

Ақпарат ретінде айта кетейік, биыл Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға 19798 түлек өтініш беріп, оның 19691-і тест тапсырған.

Ал 36 оқушы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен халықаралық олимпиада және ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары ретінде ҰБТ тапсырудан босатылды.

Сынақ нәтижесі бойынша өңірдегі алты түлек ең жоғары 125 балл жинаса, 124 балл жинаған оқушылар саны 18-ге жеткен.

Ал 3438 оқушы 100 балдан жоғары жинап, «Алтын белгіге» үміткер 1439 оқушының 575-сі сенімді ақтаған. Облыс бойынша сынақ тапсырған түлектердің 1883-і (9,56%) шектік деңгейден өтпеген.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz