newstaraz.kz

 
 

ОҚО-да баласынан безген ана мен немересін қорғаған ене соттасып жатыр


pogudx3tt56tklo8o.0045f24c
  19.05.2016 NewsTaraz.kz.
Кадр ТВК арнасынан. Құлажар Қосанова

Оңтүстік Қазақстан облысында ерекше сот отырысы өтті. Бұл жолы баланы бөлісе алмаған енесі мен келіні сотқа жүгінген.

Бұл туралы ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Ене мен келін арасындағы тартыс сотта жалғасты. Құлажан Қосанова 13 жастағы немелерін анасына бергісі келмейді. Себебі, келіні 7 жыл бойы балаларынан бас тартып, оладың жағдайына мүлде алаңдамаған. Осы уақыт аралығында ол немерелерін бауырына басып туған анасындай болып кетті.

«Келіннің айтып отырғаны өтірік. Ол балаларын іздеп бірде-бір рет келген емес. Мен оны балаларынан айырмаймын, тек өзім өлгенге дейін оларды тәрбиелеуге шамам жетеді», — дейді Құлажан Қосанова.

Әжесімен бірге тұрып жатқан 13 жастағы балалар бүгінде оң-солын таниды. Алайда, сот оларды анасымен бірге тұруға мәжбүрлеуде.

Скриншот ТВК арнасынан. Балауса Қарабаева

Балалардың анасы Балауса Қарабаева болса, туған перзенттерінен бас тартпағанын айтады.

«Мен балаларымнан бас тартқан емеспін. Өз ішімнен шыққан перзенттерімді қалай болса да аяққа тұрғызып, жеткіземін», — дейді ол.

Осылайша, балаға таласқан ене мен келіннің арасындағы тартыс келіннің пайдасына шешілді. Әжесі болса, балаларын 7 жыл бойы іздемеген тасбауыр анаға немерелерін табыстауға мәжбүр.



(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz