newstaraz.kz

 
 

ОҚО-да 37 жасында 7 баланы босанған батыр анаға түсінде елбасы аян берген (фото)


pogudxpn1i7bf1gtk.7cee90d7
  16.06.2016 NewsTaraz.kz.

Небәрі 37 жасында 7 баланың анасы атанған Ләззат Жұмабекова, отбасының берекелі тірлігіне ұйытқы болып отыр. Баланың үлкені 10-шы сыныпты бітірсе, кішісі 3 жаста.

Алтын құрсақты ананың отбасында stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі қонақта болып қайтқан еді.

Ләззат Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Өмірлік серігі Берік Қарынбаевпен Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінде білім алып жүрген сәтінде танысып, отбасын құрады. Үлкен ұлы Қуанышбек бүгінде Алматы қаласында Б. Момышұлы атындағы әскери мектептің 10-сыныбын аяқтауда. Екінші перзенті қызы Әйгерім, 9-сынып оқушысы. Сабағы жақсы оқитын пысық қыз қосымша каратэ үйірмесіне де қатысады. 6-сыныпта оқитын үшінші қызы Мөлдір бос уақытында өлең жазып шығармашылықпен айналысқанды ұнатады.

“Осы қызым маған ұқсап өлең жазады, болашақта ақын боламын деді”, – дейді Ләззат.

Төртіншісі Қымбат ас үйді маңайлап, тәттілерді пісіруге құмар. Келешекте аспаз мамандығын таңдап қалуы да әбден мүмкін. Ал бесіншісі Нұргүл биыл мектеп табалдырығын аттайды. Өзінен кейінгілерді балабақшаға апарып, қамқорлық танытатын да осы Нұргүл. Қазірдің өзінде барлық әріптерді танып, тіпті ағылшын тілін де үйреніп жүр.

4 жастағы Серік отбасының көптен күткен ұлы. Әркез әкесінің қасынан шықпай, қолғабыс болып жүреді. Ал ең кенжелері Алуа жуырда үш жасқа толады. Алуаның өмірге келуі де қызық. Ләззат ана жетінші баланы жоспарламағанымен түс көріп, құрсағына тағы да бала бітетінін сезген.

“Алтыншы баламды дүниеге әкелген соң отағасына қанағат, енді бала тумаймын денсаулығыма қараймын дегенмін. Менің емес Алланың айтқаны болады екен, әрине. Бір күні түс көрдім: балалармен бәріміз дастархан басында отыр екенбіз. Кенет елбасы кіріп келіп мойныма Алтын алқа тағып, екі ауыз сөйлеп шығып кетті. Таңертең жұбайыма айттым, ол “жақсы ғой елбасын көргенің” деді де қойды. Мен жақында Күміс алқа алдым сол шығар түске енгені деп ойладым. Алайда, тағы бір перзентті болам деп ойламаппын. Көп ұзамай аяғым ауыр екенін білгенімде әлгі түстің тегін еместігін есіме түсірдім”, – дейді көпбалалы ана.

Осылайша Ләззат жетінші перзентін де аман-есен дүниеге әкеледі. Алуаны қазір үйде бірінші Алла, сосын Елбасы сыйлаған деп еркелетеді екен. Атасының ерке қызына айналған Алуа да жиі өлең айтып, өнерлі болуға талпынып жүр екен. Алайда Ләззат алтын құрсақты ана атанып, батырлық жасағанымен, мұны әкімдік тіпті де елемепті.

“Алтын алқа алам деп туған жоқпын, Құдайдың бергені. Көп балалы отбасының бір ерекшелігі бірін-бірі сүйреп, қамқор болып ержетеді. Батыр ана дегенімен, мемлекет тарапынан берілетін еш жәрдемақы жоқ. Өткен жолы “мемлекеттік мекеме қызметкерсің, жұбайың шағын кәсіпкер, мемлекетке патент төлейді сондықтанда есігімізді ашпа”- деп аудандағы райсовездегі орган қызметкері шығарып салған”, – дейді ол.

Ләззат анаға “Алтын алқасы” үшін ақша беріледі. Алайда мемлекет қаржылық тұрғыдан елемеді деп еш еңсесін түсірген емес. Әр баланың өз несібесі бар деп, тағдырына тәубе айтып, өмір сүріп келеді. Өмір жолында Беріктей отағасын кездестіріп, тату-тәтті тірлік жарастырғанына разы.

“Шүкір тағдырыма ризамын, бақыттымын. Мені шын сүйетін жұбайым бар, Алла берген балалар бар. Осылардың тек біздер рахатын көрсек деп жүрміз”, – дейді Ләззат.

Жұбайы автобөлшектер сатумен айналысып, шағын кәсіпкерлігін жандандырып жүр. Ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы 8 жыл болғанына қарамастан, алдыңғы қатарлы отбасылардың көшін бастап келеді.

Ләззаттың өзі болса ұстаздық жолды таңдап, осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңып келе жатыр.

Қазіргі таңда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Төменгі сыныптарға мәдени тәлім тәрбиемен қатар білім бере отырып, түрлі тақырыптарға іс-шаралар жоспарын құрып дайындайды. Аудандық, облыстық деңгейде алған бірнеше марапаты да бар.

“Ана атанып, ұрпақ тәрбиелеу менің міндетім болса да, мемлекет тарапынан “Алтын алқа” тағынып, құрметке бөленіп отырғаныма ризамын. Балаларымның әрқайсысы елдің өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенімдімін, – дейді алтын құрсақты ана.

(просмотры 1 за всё время, 1 Смотрели сегодня)

Источник →  newstaraz.kz


Источник →  newstaraz.kz


 

Больше новостей →  newstaraz.kz

 

Уважаемые посетители newstaraz.kz ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


   

NewsTaraz